Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Марина Вольнова Тайпэй қаласында жеңіске жетті

19 Тамыз, 2013

Тайпэй қаласының ІІІ кубогында бокстан 75 келіге дейінгі салмақта халықаралық турнирде Қазақстан боксшысы Марина Вольнова жеңімпаз атанды, ал Гүлжайна Уббиниязова (60 кг) қола жүлдені иеленді.

Байрақты бәсекеде Марина шаршы алаңға үш мәрте көтеріліп, барлық кездесуінде де қарсыластарынан басым түсті. Ал Гүлжайна Үбіниязова жартылай финалда қарсыласына 1:2 есебімен ұтылды.

Қазақстандық боксшылар 4 салмақ категориясы – 48, 51, 60 және 75 келіде енгізілген, турнирдің тек қана әйелдер бағдарламасына қатысты. Сонымен бірге, қазақстандық команда құрамында турнирге Дина Елубаева (48 кг) және Ақерке Құсайынова (51 кг) да қатысты.

15-18 тамыз күндері аралығында өткен Тайпэй қаласының кубогы халықаралық турниріне әлемнің 16 елінен 41 спортшы қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

- Гүлжайна Уббиниязова (60 кг) қола жүлдені иеленді.

Наверх