ҚБФ КУБОГІ: Солтүстік пен Батыста көшбасшылар анықталды
27 Шілде, 2013
27 шілдеде «Солтүстік» және «Батыс» дивизиондарында «Қазақстан бокс федерациясының кубогі» республикалық жарысының ширекфиналды матч сериясының көшбасшылары анықталды.
Жарыстың екінші күні «Солтүстік» дивизионында Ақмола облысының командасы Солтүстік Қазақстан облысының құрамасын 9:1 есебімен, ал қарағандылықтар Қостанай облысының өкілдерін 10:0 есебімен жеңіп шықты.
Осылайша, Қарағанды және Ақмола облыстарының командаларының қоржындарында екі жеңістен бар. Ертең Қарағандыда өтетін матчта осы құрамалар арасында «Солтүстік» дивизионының жартылай финалы анықталады.
Сонымен бірге, ертең қарағанды рингіне Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарының командалары шығады.
Ақтөбеде бүгін Маңғыстау облысының командасы Батыс Қазақстан облысының құрамасын 10:0 есебімен, ал ақтөбеліктер атыраулық боксшыларды 6:4 есебімен жеңген болатын. «Батыс» дивизионында екі команда өз активтерінде екі жеңістен бар – бұлар Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарының құрамалары, және осы дивизионның көшбасшылары арасында өтетін ертеңгі матч кімнің жартылай финалға шығатынын көрсетеді.
Осы дивизионның келесі жарысында Атырау жәнк Батыс Қазақстан облыстарының командалары кездеседі.