ҚБФ КУБОГІ: АЛДА – ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ
29 Шілде, 2013
28 шілдеде Қарағанды мен Ақтөбе қалаларында «Қазақстан бокс федерациясының кубогі» республикалық жарысының ширек финалды кезеңі жарыспен аяқталды.
«Солтүстік» дивизионында, барлық кездесулерде жеңіскен жеткен, Қарағанды облысының командасы жартылай финалға өтті, «Батыс» дивизионында жеңіліссіз – Маңғыстау облысының құрамасы.
Солтүстіктегі оқиғалар да осылайша , «Шығыс» және «Оңтүстік» дивизиондарында өткен ширек финал серияларындағыдай өрбіді; екінші жарыс күні лайықты көшбасшыларды анықтады – екі реттен жеңіске жеткен командалар – Ақмола және Қарағанды облыстарының құрамалары. Алайда, шешуші жарыста жартылай финалда есеп 3:2 болып, қарағандылықтардың пайдасына шешілді, Ақмола облысы командасының басшылығы кездесуді осы жерден аяқтауды жөн санады.
«Солтүстік» дивизионындағы басқа да ширек жарыстардың қорытындысы: Ақмола облысы – Қостанай облысы (9:1), Қарағанды обл. – Солтүстік Қазақстан обл. (10:0), Ақмола обл. – Солтүстік Қазақстан обл. (9:1), Қарағанды обл. – Қостанай обл. (10:0), Солтүстік Қазақстан обл. – Қостанай обл. (4:4).
Батыста дивизионда көшбасшылық жағдайы қайталанды: Маңғыстау обл. – Атырауская обл. (7:3), Ақтөбе обл. – Батыс Қазақстан обл. (10:0), Маңғыстау обл. – Батыс Қазақстан обл. (10:0), Ақтөбе обл. – Атырау обл. (6:4), Атырау обл. – Батыс Қазақстан обл. (8:2). Шешуші кездесуде жартылай финалға шығар алдында – Маңғыстау облысы құрамасының көшбасшылары Ақтөбе облысының командасын 7:3 есебімен жеңді.
Осылайша, 14 желтоқсанда Астана қаласында жартылай финалда Маңғыстау мен Қарағанды облыстарының құрамалары кездеседі, сондай-ақ, бұрынырақ айтқанымыздай, Астана қаласы мен Оңтүстік Қазақстаг облыстары кездеседі.
Қазақстан бокс федерациясы кубогінің қортынды кездесуі 15 желтоқсанда өтетін болады.