Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

доха

15 Қазан, 2015

 Катардағы бокстан лицензиялық әлем чемпионатын да бес салмақ 23 дәрежесінде дүниеде теңдесі жоқ былғары қолғап шеберлерінің есімдері анықталды.Биылғы жаһандық дода бұрынғыдан өзгеше, лицензиялар сарапқа салыну мен қатар сол жолдама иегерлерін анықтау үшін кей салмақтарда жартылай финалда ұтылғандар өз ара жұдырықтасты. Әлем чемпионатында Рио Олимпиадасына берілетін жолдамалар саны бар жоғы 23. Соның 20-сы   - өз иелерін тапты қалған  үшеуі ертең анықталады. Әлем чемпионатының финалдық бәсекелерінің алғашқы күні қорытындысына келетін болсақ, алыдмен 56,64 және 75 келі салмақ дәрежелерінде жартылай финалда ұтылған қос боксшы өз ара жолдама иегерін анықтады. 56 келіде үндістандық Шива Тападан басым түскен белорус Дмитрий Аснау Риоға баратын болса, 64 келіде жекпе жек өткен жоқ. Куба боксшысы  Толедо Лопес жарақатын алға тартып кездесуден бас тартып, Олимпиадаға бару бақыты Тай спортшысына бұйырды. 75 келіде ширек финалда біздің Жәнібек Әлімханұлын ұтқан ирландиялық Майкл Орлей лицензия жолында египеттік қарсыласына жеңіліп қалды. Ал әлем чемпионы атағы сарапқа салынған кездесулерде 49 келіде ресейлік Василий Егровты ұтқан  кубалық Ионис Аргилагус алтынан алқа тағынса,56 келіде ирландиялық Майкл Конлан  және ресейліктер Виталий Дунайцев пен Евгений Тищенколар 64 және 91 келіде әлем чемпиондары атанса,75 келіде кубалық тағы бір қабылан Арлен Лопес жеңіс тұғырының ең биңк сатысына көтерілді. Айта кетейік өзбектерден 3 боксшы финалға шығып бірде біреуіне алтын бұйырмай кетті.

Телжан КУДЕРОВ

Наверх