Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Катар биттау

16 Қазан, 2015

  Катар астанасы Дохада бокстан лицензиялық әлем чемпионаты аяқталып, Рио Олимпиадасының 23 жолдамасы өз иелерін тапты. Және 10 салмақ дәрежесі бойынша су жаңа чемпиондармен жүлдегерлердің есімдері белгілі болды. Жаһандық доданың соңғы екі салмақта жолдама сарапқа салынып, бес салмақта финалдық кездесулер өтті. 

 60 келіде өзбекстандық Эльнур Абдураймов пен Робсон Консейсао арасындағы бәсекеде лицензияға өзбек боксшысы иелік етті. Сол секілді 69 келіде квота үшін кездесу болмады. Әзірбайжандық жарақатын алға тартып,жолдама Қытай боксшысына бұйырды.Финалдық кездесулерДЕ 52  және 60 келі салмақта Кубамен Әзірбайжан боксшыларының арасында жекпе жектер өтті. 52 келіде әзірбайжандық Элвин МамишЗада әлем чемпионы атанды. Ал 60 келіде керсінше әзірбайжандық  Альберт Селимовтың жарақат алуына байланысты жеңіс бостандық аралының өкілі Лазаро Алвареске берілді. Ал барша қазақ елі үміт артқан 69 келідегі ақтық айқаста жерлесіміз Данияр Елеусінов мароккалық Мұхаммед Рабимен жұдырықтасты.  Бірінші раундттан аа-қ Раби оңай шағылар жаңғақ еместігін байқатты. Дегенменде бапкерлер ақылына қанығып, Данияр екінші раундта тактикасын өзгертіп, кездесуді өз қолына алар деп ойлағанбыз. Бірақ азулы қарсылас алғызбай өзегіңді өртеген жеңіс өзгенің еншісінде кетті.

Иван ДЫЧКО,  БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ:

Күміске қол созуда оңай емес. Менің бірақ бүл жүлдеге көңілім толмайды. Алтын алғым келген. Бірақ қарсыласым мененбасым болып шықты. Діл қазір қандай қателік жібергенімді білмеймін. Дегенменде бұл әлем чемпионатының финалы. Оңай жекпе жек емес.

Болашаққа үмітпен қарайтын ұлы дала ұрпағы болғандықтан жерлестерімізден Олимпиада ойындарында алтын күтетіндігіміз жасырын емес. Тарихқа көз жүгіртсек Олимпиада ойындарының алдында әлем чемпионы атанған боксшылардың ойындарда топ жарғаны саусақпен санарлық ғана екен.Енді екі жылдан кейін әлем чемпионатын Германияның Гамбург қаласы қабылдайды.

Телжан КУДЕРОВ 


Наверх