Жақында Будвада (Черногория) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанып, тарихи нәтиже тіркеген боксшылар ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен кездесті.
Астанадағы басқосуда Ербол Қуантайлы спортшыларды жетістіктерімен құттықтай отырып, жарқын болашақ тіледі. Сонымен қатар, әлем чемпионы атанған боксшыларға Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді.
Олар: Бексұлтан Боранбек, Төрехан Сабырхан, Санжарәлі Бегалиев, Өнер Сейілхан, Елянур Турганова, Аружан Зейноллаева.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.