Ресейдің Чита қаласында жастар арасында "Даурия Еуразия Кубогы" халықаралық турнирі аяқталды.
Бұл Қазақстан құрамасы үшін қазан айында Черногорияда өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі. Бірінші құраммен барған жастар командасы он үш жүлде еншіледі. 67 келіде Төрехан Сабырхан турнир жеңімпазы атанды.
57 келіде Жансері Көшербаев пен 80 келіде Мадияр Бексұлтанов финалда төрешілер шешімімен жергілікті боксшыларға жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.
Он спортшы қола жүлдегер атанды: 51 кг. Бексұлтан Боранбек, 54 кг. Әділбек Қожахан, 54 кг. Әли Мұрат, 57 кг. Бауыржан Мұратов, 63,5 кг. Асылхан Көшербай, 63,5 кг. Ахмет Үсен, 71 кг. Өнер Сейілхан, 75 кг. Санжарәли Бегалиев, 80 кг. Дамир Синеев, 92 кг. Аслан Елдібайұлы.
Естеріңізге сала кетейік, жастар құрамасының аға бапкері қызметін атқарған Қайрат Сәтжанов тамыз айында ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалды. Қазіргі уақытта жастарды Бағдат Оңғарбеков жаттықтыруда.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
Ақтауда жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды 09 декабря, 2024
Бағдат Оңғарбеков: Отын шауып, үй шаруасын жасап өскен ауылдың балалары физикалық тұрғыда бір бас жоғары екенін көрсетті 28 ноября, 2024
Атырауда жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті 26 ноября, 2024
Шымкентте халықаралық турнир үздіктері анықталды 04 октября, 2024