Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Ұлттық құрама Түркиядан оралды

09 июня, 2024

 Ерлер құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.

Бас команда күнтізбелік жоспар бойынша кеңейтілген құрамда Анталияда (Түркия) бір апта өткізді. Боксшылар жағажайда жүгіріп, дәл сол жерде бокс жаттығуларын жасады, Жерорта теңізіне шомылып, көгалда командалық ойындар ұйымдастырылды. Субтропикалық жұмсақ климатта бойына күш-қуат жинаған спортшылар үйлеріне тарқасты. Санаулы күнде ұлттық құрама Алматы облысындағы олимпиадалық базада оқу-жаттығу жиынына кіріседі. Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы екі кезең жаттығу қалды. Бұл - соның алғашқысы.

Қазақстан бокс федерациясының бас  серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

Наверх