Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Баку төрінен 3 алтын, 2 күміс, 1 қола

29 марта, 2024

Әзірбайжан Астанасы Бакуде бір аптаға созылған “Ұлы жібек жолы” халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 3 орынды иемденді.

Алтын

 60 келі: Талғат Сырымбетов

71 келі: Дархан Дүйсебай
92 келі: Сағындық Тоғамбай
 
Күміс
48 келі: Теміртас Жүсіпов
54 келі: Тимур Қабдешев

Қола
86 келі: Бекзат Таңатар
 
Өзге қатысушылар
51 келі: Дамир Әбдіқадыр (бірінші жекпе-жек)
63,5 келі: Серік Теміржанов (бірінші жекпе-жек)
67 келі: Бақтияр Смағұлов (бірінші жекпе-жек)
75 келі: Тимур Нұрсейітов (бірінші жекпе-жек)
92+ келі: Қамшыбек Қоңқабаев (бірінші жекпе-жек)
 
Жалпы, командалық есепте 5 алтын, 6 күміс және 5 қоламен Өзбекстан боксшылары бірінші орынды иемденді. Екінші орындағы Әзірбайжан құрамасының еншісінде 3 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль бар. Дегенмен, айта кету керек, Өзбекстан құрамасы бұл турнирге 16 боксшы қосты. Ал Әзірбайжан боксшыларының саны кей салмақтарда бесеуге дейін жетті. Сондай-ақ, Ресей боксшылары 2 алтын, 6 қоламен 4-орынға жайғасса, 2 күміс және 2 қолаға қол жеткізген ирандықтар үздік бестікті түйіндеді. Бұдан бөлек, Венгрия, Италия, Қырғызстан, Тәжікстан және Венгрия жігіттері де жүлделі орындарға ілікті
 
Қазақстан бокс федерациясының бас демеушісі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, 
Бас серіктесі - Sport Qory.

 

Наверх