Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтті. Жиын барысында Федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды.
Конференцияның кезекті отырысында өткен жыл қорытындыланып, ерлер және әйелдер командасы бас бапкерлерінің есебі тыңдалды. ҚБФ жаңа басшысының сайлау отырыстың соңғы бөлігінде өтті.
Жаңа қызметінде алғаш рет сөз алған президент ҚБФ алдындағы міндеттерді бірлесіп орындаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол өзіне сенім артқан Қауымдастық мүшелеріне алғыс білдіріп, ортақ мақсатқа жету жолында өзінің бар күшін салатынын айтты.
«Маған жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан боксын әрі қарай дамытуға, спортшыларымызға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың мүддесін қорғауға, ҚБФ ролін ел ішінде және халықаралық деңгейде арттыруға бар күшімді саламын.
Биыл өтетін маңызды додалар қарсаңында команданың алдында үлкен бір мақсат тұр. Өз тарапымыздан дайындыққа қажетті барлық жағдайды жасауды жалғастыра береміз. Бірлесе еңбек ету арқылы отандық бокстың әлемдік аренадағы беделін нығайта түсеміз»,
- деді ҚБФ жаңа басшысы.
Қосымша: Шахмұрат Мүтәліп 1990 жылы 18 қыркүйекте Алматы облысы Казцик ауылында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының магистрі, Куала-Лумпурдағы (Малайзия) Азия-Тынық мұхиты университетінде (APU) білім алған. Кәсіпкер, «Integra Construction KZ» ЖШС иегері. Үйленген, 3 баласы бар.
В Казахстанской федерации бокса избрали нового руководителя
Астана, 5 февраля - Сегодня в Астане состоялась годовая конференция Казахстанской федерации бокса, где был избран новый президент – Шахмурат Муталип. На этом посту он сменил Кенеса Ракишева.
На очередном заседании Конференции были подведены итоги прошедшего года, заслушаны отчеты главных тренеров мужской и женской команд по боксу. Избрание нового главы КФБ состоялось в заключительной части мероприятия.
В своем первом выступлении избранный президент подчеркнул важность совместной работы над стоящими перед КФБ задачами. Он также выразил благодарность членам Ассоциации за оказанное доверие и заверил их в своей полной приверженности к достижению общих целей.
«Принимая возлагаемую на меня ответственность, сделаю все возможное для дальнейшего развития казахстанского бокса, всесторонней поддержки и защиты интересов наших спортсменов, усиления роли КФБ как внутри страны, так и за ее пределами.
Накануне важных стартов этого года, перед командой стоит одна задача. Со своей стороны, мы продолжим начатую работу по обеспечению всех необходимых условий для подготовки. Уверен, что совместными усилиями мы сможем укрепить позиции отечественного бокса на мировой спортивной арене»,
- заявил новый глава КФБ.
Дополнительно: Шахмурат Муталип родился 18 сентября 1990 года в село Казцик, Алматинской области. Магистр экономических наук, получил образование в The Asia Pacific University of Technology & Innovation (APU) в г. Куала-Лумпур. Предприниматель, бенефициарный собственник ТОО «Integra Construction KZ». Женат, трое детей.