https://kfb.kz
Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Қазақстан жалпы есепте Аммандағы Азия чемпионатында жеңіске жетті

15 ноября, 2022

Бүгін Иордания астанасы Амманда бокстан XXXII Азия чемпионатын аяқталды. Биыл 27 елдің (181 еркек пен 86 әйел) шаршы алаң шеберлері сынға түскен додада Қазақстан ерлер мен әйелдер құрамасының нәтижесін қоса есептегенде, жалпы есепте 1-орын алды. Қоржынымызда 6 алтын, 7 күміс пен 8 қола бар. Барлығы 21 жүлде.

Ұлттық құрама сапындағы Алуа Балқыбекова (48 кг), Жайна Шекербекова (54 кг) мен Карина Ибрагимова (57 кг), Санжар Ташкенбай (48 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Айбек Оралбай (-92 кг) чемпион атанды.

Гүлсая Ержан (81 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92кг) күміс жүлдеге ие болды.

Ал Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Мадина Нұршеева (66 кг), Дариға Шәкімова (70 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81кг), Саматәлі Төлтаев (60 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Сағындық Тоғамбай (86 кг) қола медаль алды.

Осы тұста Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергеновті марапаттау рәсімін Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев жүргізгенін айта кетейік. Ең жеңіл салмақтағы чемпион Санжар Ташкенбайдың мойнына алтын медальді Азия бокс конфедерациясының басшысы Пичаи Чунхаваджира мырза тақты. Сондай-ақ тағы бір жеңімпаз Айбек Оралбайға бас жүлдені ҚБФ Атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков табыстады.

«Біріншіден, барлық жанкүйерді Ұлттық құраманың жалпы есепте 1-орын алуымен құттықтаймын. Жақында ғана Қазақстан құрамасының әуесқой бокстан әлем рейтингінде көш бастады. Меніңше, біздің команда өз жұмысын жақсы орындады. Десе де біз келесі жылы өтетін Азия ойындары және Әлем чемпионаты сынды маңызды бәсекелерде бұл нәтижені жақсартсақ дейміз. Осы жарыс қарсаңында біз боксшылардың денсаулығына бас мән бердік. Арнайы диетолог, фармаколог мамандармен бірге жұмыс істедік. Біздің жарқын жеңістеріміз әлі алда деп ойлаймын», - деді Кеңес Хамитұлы.

Жалпы есепте екінші орынды – Өзбекстан (6 алтын, 3 күміс, 4 қола) алса, үштікті – Үндістан (4 алтын, 2 күміс, 5 қола) түйіндеді. Барлығы Иордания төрінде 12 елдің өкілі тұғыр сатысына көтерілді.

В столице Иордании Аммане завершился чемпионат Азии по боксу среди мужчин и женщин. Среди всех участников из 27 стран (181 мужчин и 86 женщин) наши мастера кожаной перчатки завоевали первое место в общекомандном зачете по медалям. В общей сложности, подопечные Кайрата Сатжанова и Шамиля Сафиуллина выиграли 21 медаль, из 6 золотые, 7 серебряные и 8 бронзовые.

На вершину пьедестала почета поднялись Алуа Балкыбекова (48 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Санжар Ташкенбай (48 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг) и Айбек Оралбай (92 кг).

Здесь стоит отметить, что церемонию награждения у капитана мужской команды Асланбека Шымбергенова провел президент Казахстанской федерации бокса Кенес Ракишев. А в самом легком весе у мужчин, где чемпионом стал Санжар Ташкенбай, награды вручил президент Азиатской конфедерации бокса Пичаи Чунхаваджира. Кроме того, золотую медаль в тяжелом весе Айбеку Оралбаю вручил еще исполнительный директор КФБ Маратбек Мыктыбеков.

Серебряными призерами Азии стали Гульсая Ержан (81 кг), Сакен Бибосынов (51 кг), Махмуд Сабырхан (54 кг), Серик Темиржанов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Нурканат Райыс (75 кг) и Камшыбек Конкабаев (+ 91 кг).

Бронзовые медали на счету у  Назым Кызайбай (50 кг), Жазиры Оракбаевой (52 кг), Мадины Нуршаевой (66 кг), Дариги Шакимовой (70 кг), Лаззат Кунгейбаевой (+81 кг), Саматали Тольтаева (60 кг), Сагындыка Тогамбая (86 кг) и Нурбека Оралбая (80 кг).

«Во-первых, я хотел бы всех поздравить всех наших болельщиков с первым общекомандным местом на этом чемпионате Азии. И также, как стало известно, согласно обновленному рейтингу наши мастера сейчас на самой вершине мирового любительского бокса. Я считаю, что команда справилась на «пять». Тем не менее, мы планируем улучшить результат на следующий год, на более ответственных спортивных мероприятиях, такие как, чемпионаты мира и Азиатские игры. В преддверии соревнований, мы немало внимания уделили здоровью наших спортсменов, с ними дополнительно стали заниматься диетологи, фармакологи. Я считаю, что этот результат уже показывает себя и главные победы еще впереди», - сказал в своем интервью Кенес Хамитович.

Второе место с 13 медалями заняла сборная Узбекистана – 6 золотых, 3 серебряные и 4 бронзовые. Третьей с 12 медалями стала Индия – 4 золотые, 2 серебряные и 6 бронзовых. Всего медалистами на иорданском ринге стали представители 12 стран. 

Подготовка к турниру проходила при поддержке акционерного общества Samruk Kazyna и попечительского фонда SportQory

Витрина

IMPORTANT NOTE: Larger sized men's Patek Philippe luxury replica watches will run you a few thousand dollars more for an entry-level model and Patek Philippe hasn't quite jumped on the bandwagon of using big or significantly larger case sizes like many other brands have been doing for the last few years.
Наверх