https://kfb.kz
Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Бокстан Азия чемпионаты - Амманда ел намысын кімдер қорғайды?

26 октября, 2022

Əйелдердің ізін ала Иордания астанасы Амманда өтетін бокстан Азия чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан ерлер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазір Қайрат Сəтжанов шəкірттері Алматы облысының Бәйтерек ауылындағы орталықта оқу-жаттығу жиынын өткізіп, шешуші жекпе-жектерге дайындалып жатыр. Тура 10 күн бұрын басталған бұл жиын 28 қазанда мəресіне жетеді. Дәл сол күні Ұлттық құрама Иорданияға аттанады.

Осы тұста кей салмақтарда бəсекелестік өте жоғары болғаны сонша, кімнің баратынын анықтау қиындай түсті. Мәселен, бапкерлерге 63,5 келіде «Елорда Кубогы» халықаралық турнирінің жүлдегерлері - Мұхамедсабыр Базарбай ұлы, Санатəлі Төлтае пен Сұлтан Мусин арасынан тек біреуін таңдауы керек болды. Ал 75 кг дейінгі салмақта ел чемпионы Нұрқанат Райысқа тəжірибелі Тұрсынбай Құлахмет пен жас та болса көзге түсіп жүрген Тимур Нұрсейітов пен Диас Нұржігітов тегеурінді қарсылық көрсетті.

Бүгін барлық сұраққа жауабын тауып, Амманда жұдырықтасатын боксшылар тізімі шықты:

48 кг - Санжар Ташкенбай. Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, жастар арасында Əлем жəне Азия чемпионы, былтырғы ел біріншілігінің жеңімпазы. Астана қаласының өкілі. Жеке бапкері - Нұржан Насанов.

51 кг - Сəкен Бибосынов. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Əлем чемпионы. Түркістан облысының өкілі. Жеке бапкері - Мырзағали Айтжанов.

54 кг - Махмұд Сабырхан. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Əлем чемпионатының күміс жүлдегері, жастар арасында Азия чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері. Шымкент қаласының өкілі. Жеке бапкері - Ілияс Оралбеков.

57 кг - Серік Теміржанов. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Əлем чемпионатының күміс жүлдегері, жастар арасында Азия чемпионы. Павлодар облысының өкілі. Жеке бапкері - Азамат Мақажанов.

60 кг - Саматəлі Төлтаев. Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, жастар арасында Азия чемпионы, Қазақстан Спартакиадасының жеңімпазы. Маңғыстау облысының өкілі. Жеке бапкері - Мақсат Бақтыбазаров.

63,5 кг. Санатəлі Төлтаев, Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, жастар арасында Азия чемпионы, ересектер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері. Маңғыстау облысының өкілі. Жеке бапкері - Мақсат Бақтыбазаров.

67 кг - Дулат Бекбауов. Спорт шебері, ел чемпионы. Жамбыл облысыны өкілі. Жеке бапкері - Нұрлан Ақүрпеков.

71 кг - Асланбек Шымбергенов, Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Дүниежүзілік əскери ойындардың жеңімпазы. Жамбыл облысының өкілі. Жеке бапкері - Ермек Ертаев.

75 кг - Нұрқанат Райыс, Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, Қазақстан чемпионы. Атырау облысының өкілі. Жеке бапкері - Нұрлан Айтуаров.

80 кг - Нұрбек Оралбай, Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, жастар арасында Əлем жəне Қазақстан чемпионы. Астана қаласының өкілі. Жеке бапкері - Асқар Еркебаев.

86 кг - Сағындық Тоғанбай, Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, жастар арасында бірнеше дүркін Азия чемпионы, жастар арасында Əлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионы. Түркістан облысының өкілі. Жеке бапкері - Мырзағали Айтжанов.

92 кг - Айбек Оралбай. Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, жастар арасындағы Олимпиада жеңімпазы, Қазақстан чемпионы. Астана қаласының өкілі. Жеке бапкері - Асқар Еркебаев.

+92 кг - Қамшыбек Қоңқабаев. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, əлем біріншілігінің финалисі. Қызылорда облысының өкілі. Жеке бапкері - Сейітжан Төкенов.

«Дайындық өте жақсы өтіп жатыр. ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Спортты дамыту дирекциясы мен Қазақстан бокс федерациясының арқасында бəсеке қарсаңында ешқандай қиындық болған жоқ. Бокс елімізде кең танылған, үнемі жанкүйерлер назарында болатын спорт түрі. Алдыңғы құрлық додасының нәтижесін қоғамның қалай талқылап, сынға алғаны əлі есімізде. Дубайда ерлер құрамасы алтынсыз қалғанын білесіздер. Биыл біз есе қайтарғымыз келеді. Мақсат - жалпы есепте көш бастау», - деді Спортты дамыту дирекциясына берген сұхбатында бас бапкер Қайрат Сəтжанов.

Бокстан XXXII Азия чемпионаты 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек. Ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта кім мықтыны анықтайды. Сары құрлық додасын әдеттегідей Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырады.

Чемпионат Азии по боксу в Аммане – кто представляет сборную Казахстана?

Вслед за женской национальной сборной Казахстана по боксу стал известен состав мужской команды, предстоящей защищать честь страны на чемпионате Азии в Аммане. Как сообщает пресс-служба Дирекции развития спорта, подопечные Кайрата Сатжанова, пока что подводят последние штрихи на специальном учебно-тренировочном сборе на спортивной базе в селе Байтерек, Алматинской области. УТС стартовал 16 и завершится 28 октября. В этот же день, команда вылетает в столицу Иордании. Стоит отметить, что по некоторым весовым категориям были проведены решающие «прикидки», так на одно место претендовали сразу по несколько членов сборной.

Так, в категории до 63,5 кг тренерский штаб выбирал между призерами международного турнира «Елорда Кубогы» Мухамедсабыром Базарбай уулы, Санатали Тольтаевым и Султаном Мусиновым. А в весе до 75 кг до последнего не было известно кто поедет – действующий чемпион Казахстана  Нурканат Райс, опытный Турсынбай Кулахмет, либо молодые перспективные Тимур Нурсеитов и Диас Нуржигитов?

26 октября состав была поставлена точка в спорных вопросах и, таким образом, в Амман едут:

48 кг. Санжар Ташкенбай, МСМК, чемпион мира и Азии среди молодежи, чемпион Казахстана-2021. Представляет город Астану. Тренируется под руководством личного тренера Нуржана Насанова.

51 кг. Сакен Бибосынов, ЗМС, бронзовый призер Олимпийских игр, чемпион мира-2021. Представляет Туркестанскую область. Тренируется под руководством личного тренера Мырзагали Айтжанова.

54 кг. Сабырхан Махмуд, ЗМС, финалист чемпионата мира-2021, неоднократный призер чемпионатов Азии среди молодежи. Представляет город Шымкент. Тренируется под руководством личного тренера Ильяса Оралбекова.

57 кг. Серик Темиржанов, ЗМС, финалист чемпионата мира-2021, чемпион Азии среди молодежи. Представляет Павлодарскую область. Тренируется под руководством личного тренера Азамата Макажанова.

60 кг. Саматали Тольтаев, МСМК, чемпион Азии среди молодежи, финалист чемпионата мира среди молодежи, чемпион Спартакиады РК. Представляет Мангистаускую область. Тренируется под руководством личного тренера Максата Бактыбазарова.

63,5 кг. Санатали Тольтаев, МСМК, чемпион Азии среди молодежи, бронзовый призер чемпионата Азии. Представляет Мангистаускую область. Тренируется под руководством личного тренера Максата Бактыбазарова.

67 кг. Дулат Бекбауов, МС, чемпион Казахстана. Представляет Жамбылскую область. Тренируется под руководством личного тренера Нурлана Акурпекова.

71 кг. Асланбек Шымбергенов, МСМК, чемпион Азии, финалист Азиатских игр, двукратный победитель Всемирных армейских игр. Представляет Жамбылскую область. Тренируется под руководством личного тренера Ермека Ертаева.

75 кг. Нурканат Райс, МСРК, чемпион Казахстана. Представляет Атыраускую область. Тренируется под руководством личного тренера Нурлана Айтуарова.

80 кг. Нурбек Оралбай, МСМК, чемпион мира среди молодежи, чемпион Казахстана. Представляет город Астану. Тренируется под руководством личного тренера Аскара Еркебаева.

86 кг. Сагындык Тоганбай, МСМК, неоднократный чемпион Азии среди молодежи, финалист чемпионата мира среди молодежи, чемпион Казахстана. Представляет Туркестанскую область. Тренируется под руководством личного тренера Мырзагали Айтжанова.

92 кг. Айбек Оралбай, МСМК, победитель Юношеских Олимпийских игр, чемпион Казахстана. Представляет город Астану.  Тренируется под руководством личного тренера Аскара Еркебаева.

+92 кг. Камшыбек Конкабаев, ЗМС, бронзовый призер Олимпийских игр, финалист чемпионатов мира. Представляет Кызылординскую область. Тренируется под руководством личного тренера Сейтжана Токенова.

«Подготовка проходит на высоком уровне. Благодаря вниманию Комитета по делам спорта и физической культуры МКС РК, Дирекции развития спорта и Казахстанской федерации бокса у нас не было никаких проблем в преддверии чемпионата Азии. Бокс в Казахстане всегда привлекает к себе внимание болельщиков и вы помните как болезненно отреагировало общество по итогам прошлогодних континентальных соревнований. Как вы знаете, в Дубае мы не смогли завоевать золотых медалей. В этом году мы хотим реванша, поэтому настраиваемся на первое общекомандное место в медальном зачете», - сказал в своем интервью Дирекции развития спорта главный тренер мужской сборной Кайрат Сатжанов.

XXXII чемпионат Азии по боксу стартует 30 октября. Соревнования в Аммане пройдут в 25 весовых категориях – 13 у мужчин и 12 у женщин. Имена новых победителей континента мы узнаем 13 ноября. ЧА организуются и проведется под эгидой Азиатской конфедерации бокса (ASBC) по правилам Международной ассоциации бокса (IBA).

 

Витрина

IMPORTANT NOTE: Larger sized men's Patek Philippe luxury replica watches will run you a few thousand dollars more for an entry-level model and Patek Philippe hasn't quite jumped on the bandwagon of using big or significantly larger case sizes like many other brands have been doing for the last few years.
Наверх