Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Халықаралық бокс күні «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорында атап өтілді

27 августа, 2022

Бүгін Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс күніне орай елордада қайырымдылық іс-шара өткізді. Жоба аясында ҚБФ атқарушы директоры Азиз Қожамбетов, бокстан ҚР мемлекеттік жаттықтырушы және әлем чемпионы Мерей Ақшалов пен Олимпиада чемпионы Серік Сапиев мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорына барып, жүздесіп қайтты.

​          Танымал былғары қолғап шеберлері ҚБФ атынан орталыққа жүгіруге арналған арнайы жолақ, емдік дене шынықтыруға арналған тренажер, баланың дамуына көмектесетін ойыншықтар мен түрлі атрибуттар тарту етті. Акция кезінде боксшылар балалармен бірге жаттығу жасап, шеберлік сағатын өткізді

- Бүгін біз үшін өте жақсы күн болды. Халықаралық бокс күнін балалармен атап өткенімізге қуаныштымын. Осы іс-шараның алдында біз қор өкілдерімен ұзақ уақыт бойы қандай тренажерлер қолайлы, сапалы қажетті «швед қабырғасын» іздедік, ақылдастық. Ойыншықтарға дейін мен олардың балалар үшін мүмкіндігінше пайдалы болғанын қаладым. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын және игі істерге қолдау көрсетуге шақырамын, - деді өз сөзінде Азиз Кожамбетов.

- Мені кәсіби мерекемізге орай іс-шараға шақырғандарыңызға өте қуаныштымын. Мұқтаж жандарға қол үшін беріп, мейірімділік таныту – әрбір қазақстандықтың парызы. Қазақстан бокс федерациясына алғысымды білдіргім келеді, ал «Бақытты шаңырақ» қорына табыс тілеймін, - деп құттықтады Серік Сапиев.

Сондай-ақ, шара соңында тамаша мерекеде балаларға тәттілер ұсынылып, бүлдіршіндер ұйымдастырған қызықты ойын-сауық бағдарламасы көрсетілді.

- Біздің Қор атынан, мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық ата-аналарының атынан Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев бастаған басшылығына алғысымды білдіргім келеді. Біздің чемпиондарымызға ерекше алғыс айтамыз. Серік пен Мерей жарайсыздар! Бүгін біздің балалар бақытқа кенелді, - деп «Бақытты шаңырақ» ҚҚ басшысы Ботагөз Сұлтанова алғысын айтты.

Айта кетейік, 2021 жылдан бастап Халықаралық бокс күні 27 тамызда атап өтілуде. Бұл шешімді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) қабылдады. Сонымен қатар дәл осы күні тарихта алғаш рет бокстан әлем чемпионаты басталған болатын.

 

Международный день бокса –

вместе с ОФ «Бақытты шаңырақ»!

Казахстанская федерация бокса провела благотворительное мероприятие посвящённое празднованию Международного дня бокса. В рамках проекта исполнительный директор КФБ Азиз Кожамбетов, государственный тренер РК по боксу и чемпион мира Мерей Акшалов, а также Олимпийский чемпион Серик Сапиев посетили Общественный Фонд семей, воспитывающих детей-инвалидов «Бақытты шаңырақ».

От имени Казахстанской федерации бокса, Фонду подарили беговую дорожку, специальный тренажер для лечебно-физической культуры (ЛФК), развивающие и развлекательные игры, спортивные атрибуты. Также, в ходе акции Сапиев и Акшалов провели тренировочный мастер-класс с детьми.

- Сегодня для нас очень хороший день. Международный день бокса и я вдвойне рад что мы его можем отметить в кругу особенных детей. Перед этим мероприятием мы долго консультировались с представителями Фонда на тему, какие лучше всего тренажеры подходят, что из себя должна представлять нужная им «шведская стена». Вплоть до игрушек, хотелось, чтобы они были максимально полезными для детей. Всех поздравляю с праздником и желаю поддерживать добрые дела, - сказал в своем приветственном слове Азиз Кожамбетов.

- Я очень рад, что меня пригласили в наш профессиональный праздник на такое мероприятие. Глядя на эту категорию детей, понимаешь, что есть, кому помогать. Хочу выразить благодарность Казахстанской федерации бокса, а Фонду «Бақытты шаңырақ» пожелать успехов и больших побед в их нелегком деле!, - добавил Серик Сапиев.

По окончании благотворительной акции, дети «Бақытты шаңырақ» дали концерт знаменитым гостям.

От имени нашего Фонда, от имени всех родителей детей-инвалидов я хочу выразить благодарность руководству Казахстанской федерации бокса во главе с ее президентом Кенесом Ракишевым. Отдельная благодарность нашим легендарным чемпионам. Серик и Мерей большие молодцы! Сегодня наши дети самые счастливые!, - отметила Ботагоз Султанова, руководитель ОФ «Бақытты шаңырақ».

 

Международный день бокса, начиная с 2021 года, отмечается по новой дате – 27 августа. Это решение было принято руководством Международной боксерской ассоциацией (IBA). Именно в этот день, когда-то стартовал первый в истории чемпионат мира по боксу.

 

Витрина

IMPORTANT NOTE: Larger sized men's Patek Philippe luxury replica watches will run you a few thousand dollars more for an entry-level model and Patek Philippe hasn't quite jumped on the bandwagon of using big or significantly larger case sizes like many other brands have been doing for the last few years.
Наверх