Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Азиз Қожамбетов ҚБФ атқарушы директоры атанды

19 марта, 2022

Азиз Қожамбетов Қазақстан Бокс Федерациясының атқарушы директоры болып тағайындалды. Бұл жайлы бұйрыққа бүгін қол қойылды. 

Азиз Есентайұлы осыған дейін ҚБФ президентінің кеңесшісі қызметін атқарып келді. Халықаралық дәрежедегі тәжірибесінің арқасында жақында ғана аяқталған Азия Бокс Конфедерациясының Конгресінде аталған ұйымның директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Төрт тілді жетік меңгерген маман 2010-2014 жылдар аралығында ASBC атқарушы директоры қызметін атқарған. World Series of Boxing аясында өнер көрсеткен даңқты “Astana Arlans” клубының негізін қалағандардың бірі. 
 
Қазақстан Бокс Федерациясы және еліміздегі барша бокс қауымдастығы Азиз мырзаны шын жүректен құттықтайды. Еліміздегі №1 спорт түрінің дамуына спорт саласында жинаған мол тәжірибесі өз септігін тигізеді деген сенімдеміз.  Жаңа қызметте сәттілік, және отандық былғары қолғап шеберлеріне жеңіс тілейміз!
 
 
Азиз Кожамбетов стал исполнительным директором КФБ
 
Азиз Кожамбетов назначен исполнительным директором Казахстанской федерации бокса. Соответствующий приказ вышел сегодня. 
 
Азиз Есентаевич на предыдущей должности работал советником президента КФБ. А по итогам недавно завершившегося внеочередного Конгресса Азиатской конфедерации бокса (ASBC), благодаря его огромному опыту работы в международной сфере, избрали членом Совета директоров ASBC. В совершенстве владеет четырьмя языками, в период с 2010-2014 занимал пост исполнительного директора Азиатской конфедерации бокса. Был одним из основателей клуба Всемирной Боксерской Серии (WSB) “Astana Arlans”. 
 
Казахстанская федерация бокса и всё боксерское сообщество страны поздравляет Азиза Кожамбетова! В это сложное время, без сомнения, его авторитет и наработанные навыки помогут отечественному спорту номер один. Желаем удачи на новом посту и больших побед наших мастеров кожаной перчатки!
Наверх