Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Мерей Ақшалов бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы болып тағайындалды!

01 марта, 2022

ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен 2013 жылғы әлем чемпионы Мерей Ақшалов бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы лауазымына тағайындалды.

Мерей Төлегенұлы 1988 жылы 8 мамырда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Экономика, құқықтану, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша бірқатар жоғары оқу орындарында білім алған. Спорттық мансабында бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 2013 жылғы әлем және Азия чемпионаттарының алтын жүлде иегері атанған. Сондай-ақ Пекин-2008 Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Қазақстан бокс федерациясы мен еліміздің барша бокс қауымдастығы Мерей Ақшаловты жаңа лауазымымен құттықтай келе, отбасына амандық,  қызметте жарқын жеңістер тілейді.

 

Мерей Акшалов назначен государственным тренером НСК по боксу.

Чемпион мира 2013 года Мерей Акшалов стал государственным тренером национальной сборной Казахстана по боксу. Приказ о его назначении был подписан руководством Министерства культуры и спорта РК.

Мерей Толегенович родился 8 мая 1988 года в Восточно-Казахстанской области. В свое время получил несколько высших образований в сфере экономики, юриспруденции и физкультуры и спорта. В своей карьере не раз становился чемпионом Казахстана, победителем многих международных турниров, участником Олимпийских в Пекине-2008. Наивысшие достижения – золотые медали на чемпионатах мира и Азии в 2013 году.

Казахстанская федерация бокса и все боксерское сообщество страны желает Мерею Акшалову больших побед на этой должности, карьерного роста и семейного благополучия. 

Наверх