Бүгін Чеджуде (Корея) Халықаралық Бокс ассоциациясының Конгрессінде АИБА-ң басшылық құрамын сайлау өткізілді.
Қазақстан бокс федерациясының Президенті Тимур Құлыбаев АРБ бойынша АИБА вице-президенті лауазымына қайта сайланды.
Халықаралық ассоциация басшысы Чинг-КуоВу Қазақстанның және жеке Тимур Құлыбаевтың әлемдік боксты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Дауыс беруге қатысқан ұлттық федерацияның өкілдері бірауыздан Т.Құлыбаевтың жемісті еңбегін бағалады.