Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Жүсіпов – чемпион, Казаков – күміс жүлдегер

27 Тамыз, 2014

 Қазақстандық боксшылар Нанкинде (Қытай) өткен Жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада Ойындарында 1 алтын және 1 күміс медальға ие болды.

Абылайхан Жүсіпов (60 кг) қазақстан боксының тарихында Жасөспірімдер Олимпиадасының алғашқы жеңімпазы атанды. 2014 жылғы Жастар арасындағы әлем чемпионы шешуші кездесуде кубалық Алан Лимонтпен қарсыласып, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Вадим Казаков (81 кг) болгариялық Благо Найденовтен 0:3 есебімен жеңілді.
 
Естеріңізге сала кетейік, біздің еліміз Ойынға төрт боксшысымен – үш бозбала мен бір қызбен барған болатын. Шалқар Айқынбай (49 кг) төртінші орынды, Алуа Балқыбекова (51 кг) – бесінші орынды иеленді.
Наверх