Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

СЕРІК СӘПИЕВ – НАҒЫЗ БАТЫР

02 Сәуір, 2014

«Серік Сәпиев. Олимпиадаға жол» атты деректі фильм ХІІ Халықаралық «Красногорский» кинофестивалінің «Нағыз батыр» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Шығарманың басты кейіпкері Серік Сәпиевті және олимпиада жеңімпазы, екі дүркін Әлем чемпионы туралы түсірілген фильмнің авторы әрі продюсері Ольга Сапожникова 2 сәуір күні Мәскеуде болған марапаттау рәсімі кезінде фестивалдің құрметті президенті Ирина Роднина құттықтады.

 Қазылар алқасының төрағасы, белгілі актер Евгений Герасимов Серіктің спортқа сіңірген еңбегін атап өте келе, бұл туындыны елдің барлық мектептерінде көрсету қажет екендігін айтты..

ТМД және Еуропа елдері спорттық жанрындағы кино форумына 23 мемлекеттен алты аталым бюойынша 77 деректі және көркем ленталар ұсынылған.

Наверх