Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Әйелдер арасында бокстан ҚР Чемпионаты басталды

11 Наурыз, 2014

11 наурызда Щучинск қаласында (Ақмола обл.) әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталды. Жарыс Т.А.Уәлиев атындағы Спорт мектебінің базасында өтеді. Ел біріншілігіне 88 спортшы қыздар қатысады.

Чемпионатқа қатысушылардың қатарында Марина Вольнова – ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2012 және 2013 жылдардағы әлем кубогінің жеңімпазы, 2010 жылғы Азия чемпионы, 2010 жылғы әлем чемпионатының финалисті, Саида Хасенова - ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2010 жылғы Азия ойындарының чемпионы, 2010 жылғы Азия ойындарының жүлдегері, Юлдуз Маматкулова – 2012 жылғы чемпионаттың финалисті, Назым Қызайбай – 2012 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Ләззат Күнгейбаева – 2012 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, Фирюза Шарипова – 2012 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, Дариға Шәкімова – 2010 жылғы Азия чемпионы, Жайна Шекербекова – 2010 жылғы Азия чемпионы, 2013 феликс Штаммды еске алу ХТ-ң жеңімпазы.

10-шы рет өткізіліп отырған, әйелдер арасындағы бокстан ҚР Чемпионатының финалы 15 наурызда өтеді. Ел біріншілігінің нәтижесі бойынша ұлттық құрама құрылатын болады, оның биылғы жылғы басты бастамасы - Азия ойындары мен Оңтүстік Кореядағы әлем чемпионатына қатысу.


Чемпионаттың кестесі

11 наурыз

15.00 – алғашқы айқас

12 наурыз

15.00 – алғашқы айқас

13 наурыз

15.00 – ширек финал

14 наурыз

15.00 – жартылай финал

15 наурыз

12.00 – финал

Наверх