Тимур Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясының президенті қызметінен кетті. Ол өз өкілеттігін доғарғаны туралы Федерацияның жылдық конференциясында жариялады.
"Өздеріңіз білетіндей, Ұлттық Олимпиада комитеті мені президентікке қайта сайлап, маған сенім артты. Спорт туралы Заңдарға енгізілген өзгерістерден кейін, ҰОК бюджет қаражатын олимпиадалық спорт түрлері арасында бөлумен айналысады. Мүдделер қақтығысын болдырмау үшін мен Қазақстан бокс Федерациясы Президентінің өкілеттігін тоқтату шешімін қабылдадым. Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті ретінде мен спорттың дамуына, бірінші кезекте боксқа жетекшілік ететін боламын, өйткені мұнда барлық мәселеелр мен үшін түсінікті және белгілі", - деді Тимур Құлыбаев.
Қазақстан бокс федерациясының президенті болып халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президент қызметін атқарған Кеңес Рақышев сайланды.
Атқарушы комитет мүшелері Тимур Құлыбаевтың отандық боксты дамыту ісіне қосқан зор үлесі мен еңбегін ескере отырып, оны федерацияның құрметті президенті етіп сайлады.
"Менің ойымша, біз барлығымыз осынша уақыт бойы жақсы жұмыс жасап келдік, ол мақтан тұтарлық жайт, - деп атап өтті Тимур Құлыбаев. – Бізде екі Олимпиада чемпионы, 11 әлем чемпионы, Вэла Баркер кубогының иегерлері бар. Ең бастысы, біз жоғары халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлаудың тиімді жүйесін құрдық. Бокс федерациясы басқа федерациялар үшін үлгі болды және басқаларды да Қазақстан бокс федерациясының үлгісі бойынша жұмыс істеуге шақырамын, - деді Тимур Асқарұлы.
Конференцияға Ұлттық Олимпиада комитетінің, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының басшылары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің, Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері қатысты.