Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Елордада Қазақстан ҰОК Бас ассамблеясының отырысы өтті

27 Ақпан, 2020

Елордада Қазақстан ҰОК Бас ассамблеясының отырысы өтті. Күн тәртібінде ҰОК негізгі басқару органдарын сайлау мәселелері қаралды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Отырысқа Қазақстан ҰОК Қазақстан президенті Тимур Құлыбаев, ҚР Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов, сонымен қатар, ұлттық спорттық федерациялардың президенттері мен өкілдері  қатысты. 

ҚР ҰОК Жарғысының ережелеріне сәйкес, Бас хатшы және вице-президент лауазымдарына үміткерлерді ҰОК Президенті ұсынады. Осылайша, Сәкен Мұсайбеков Бас хатшы болып қайта сайланды.

Барлық вице-президенттер де қайта сайланды:

ҰОК жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті – Данияр Абулғазин

ҰОК-тың қысқы спорт жөніндегі вице-президенті - Асқар Мамин

ҰОК-тың жазғы спорт жөніндегі вице-президенті - Әділбек Жақсыбеков

ҰОК паралимпиадлық спорт жөніндегі вице-президенті - Қайрат Боранбаев

ҰОК халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті - Андрей Крюков

«Қазақстан ҰОК Атқару комитеті мен Тексеру комиссиясының сайланғанына 4 жыл өтті. Осы қысқа мерзім ішінде Атқарушы комитет корпоративтік процестерді жүйелеу және реттеу, соның ішінде мемлекеттік тапсырмаларды орындау бойынша тиімді жұмыс жүргізді.

Ұлттық Олимпиадалық федерациялар мен Қазақстан Олимпиадалық комитеті бүгінде спорттағы барлық процесстердің белсенді қатысушысы. Үкіметтің қолдауымен біз ұлттық құрамаларды дайындап, оларға материалдық, техникалық, биомедициналық және оңалту бойынша қолдау көрсетудеміз. Осылайша, спорт күнтізбесіндегі шаралар толығымен орындалуда. Біздің алдымызда ҰОК-тың келесі екі олимпиадалық кезеңіндегі саясатын нақты анықтайтын маңызды міндеттер тұр. Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана біз ұлттық құрамаларды қолдау мен жаттығулар жүйесінің тиімділігін арттырып, еліміздегі олимпиадалық қозғалысты дамытудың іргелі мәселелерін сапалы шешуді қамтамасыз етеміз», - деді жиналыста ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев.

Олимпиада комитетінің басшысы спорттық медицинаны дамыту және спорттағы допингке қарсы күрес ҰОК пен ұлттық федерациялар жұмысындағы маңызды бағыттың бірі болып қала беретінін атап өтті.

«Спорттық дәрі-дәрмектің қолжетімді болуы, әсіресе барлық ұлттық құрама спортшылары мен облыстық жастар және ересектер  құрамасының реабилитациядан өтуі, жарақаттанған және ауырған спортшыларды қалпына келтіру - допингтің алдын алатын негізгі шара. Тағы естеріңізге сала кетемін, біз таза спорт үшін және допингке нөлдік төзімділік ұстанымын ұстанамыз».

Атқару комитетіне спорт федерацияларының өкілдері ретінде келесі мүшелер сайланды:

Нұртай Әбіқаев, «Қазақстан волейбол федерациясы» РҚБ президенті.

Даниал Ахметов, «Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясы» РҚБ президенті.

Берік Имашев, «Қазақстанның қазіргі бессайыс федерациясы» РҚБ президенті.

Диас Сүлейменов, Қазақстан Республикасы шаңғы тебу ұлттық ассоциациясының ЗТБ президенті.

Жанат Түсіпбеков, «Ауыр атлетика федерациясы» РҚБ президенті.

Болат Өтемұратов, «Теннис федерациясы» РҚБ президенті.

Үміт Шаяхметова, «Қазақстан гимнастика федерациясы» РҚБ президенті.

Серік Сәпиев Спортшылар комиссиясының төрағасы қызметінде қалды.

Сонымен қатар, Қазақстан бадминтон федерациясының президенті Ұлан Байжановтың төрағалығымен ҰОК Тексеру комиссиясының құрамы сайланды.

Ұсынылған кандидаттарды іріктеуге ұлттық федерациялар өтініш бергеннен бастап кандидаттарды ұсынудың барлық процестерін тәуелсіз сайлау комиссиясы Бахтияр Артаевтың төрағалығымен жүргізгенін атап өткен жөн. Атқару комитеті мен елдің негізгі олимпиадалық департаментінің Тексеру комиссиясының құрамы төрт жылда бір сайланады.

Наверх