Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Карина Ибрагимова Әлем чемпионатының қола жүлдегері

22 Қараша, 2018

 Жерлесіміз бүгін финалға жолдама алу үшін Ирланд Республикасынан келген Келли Харрингтонмен жекпе-жек өткізіп, өкінішке орай, қарсыласынан аса алмады.

Осыған дейін Карина Ибрагимова ширек финалда 2016 жылдың Әлем чемпионы Венлю Янгты 5:0 есебімен жеңген болатын. Карина Ибрагимова Ақмола облысының спортшысы. 2015 жылғы ел біріншілігінің күміс жүлдегері.

 

Ар ертең, яғни, 23 қараша күні Жайна Шекербекова (51 кг) Цукими Намикиге (Жапония) қарсы өнер көрсетеді (1 жұп). Бұл жекпе-жкеті де «BFI Official» арнасынан тамашалайсыз.Жайна Шекербекова 2010 жылғы Азия чемпионы, 2013-2014 жылдары қатарынан ҚР чемпионаттарының жеңімпазы атаған, 2016 жылғы Әлем біріншілігінде қола жүлдеге қол жеткізген, бірнеше мәрте халықаралық дәрежедегі турнирлерде алтынан алқа тағынған өте тәжірибелі спортшы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Фото: Сергей ШТРАК

Наверх