Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Римма Волосенко да Азия чемпионатының бірінші айналымында сүрінді

02 Қараша, 2017

Римма Волосенко да Азия чемпионатының бірінші айналымында сүрінді.

Қазақстандық боксшы Римма Волосенко Вьетнамның Хошимин қаласында өтіп жатқан қыздар арасындағы Азия біріншілігінде бірінші айналымда сүрінді. 

Бірінші айналымқа қазақстандық бұрымды боксшы Римма Волосенко оңтүстік кореялық О Еонжимен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліс тапты. 

Осылайша Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының екінші боксшысы бірінші айналымды бағындыра алмады. Еск салайық, бұған дейін бірінші айналымда Дина Жоламан жарыс жолынан шығып қалды. 54 келі салмақта сынға түскен отандасымыз корей қызық Ким Сонг Симнен жеңілді.

Ал тағы бір отандасымыз Алуа Балқыбекова бәсекені жеңіскен бастады. 48 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы бірінші айналымда қытайлық Хе Лин Юннен айласын асырды.


kaz.vesti.kz

 
Наверх