Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстандық екі қыз Азия чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды

02 Қараша, 2017

 Вьетнам елінің Хошимин қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының алғашқы күні екі қазақстандық ару жарыс жолынан шығып қалды.

Азия біріншілігінің бірінші күні үш бұрымды боксшымыз шаршы алаңға шыққан болатын. Өкінішке қарай, 54 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Дина Жоламан мен  60 келіде шаршы алаңға шыққан Римма Волосенко қарсыластарынан ұтылып қалды. Дина Жоламан солтүстіккореялық Ким Сонг Симнен жеңілсе, Римма Волосенко оңтүстіккореялық О Еонжиден ұтылды. Ал 48 келіде ел намысын қорғап жатқан аруымыз Алуа Балқыбекова бәсекені жеңіспен бастап, келесі айналымға өтті. Ол алғашқы жекпе-жегінде қытайлық Хе Лин Юннен басым түсті.

Естеріңізге сала кетейік, бұл додада  Қазақстан құрамасы толық құрамда өнер көрсетіп жатыр. Азия чемпионатына 22 елден 118 спортшы бақ сынауда.


kazinform.kz/

Наверх