Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы көктемде Ташкентте өтетін Əлем чемпионаты қарсаңында алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады. Алматы облысындағы «Ақбұлақ» базасында 5 наурызда басталған жиынға Ұлттық құраманың барлық 88 өкілі жиналды. Сондай-ақ отандастарымыздан бөлек, мұнда Ұлыбритания, Əзірбайжан, Грузия мен Тəжікстаннан келген 60 боксшы шеберлік шыңдап жатыр. Жиын 17 наурызда аяқталады.
Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың сөзінше биыл шəкірттері үшін олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын 2 ауқымды бəсеке бар. Алғашқысы – мамырда өтетін Əлем чемпионаты, екіншісі – Ханчжоуда болатын Азия ойындары.
«Біз жұмысты ақпанда бастап кеткенбіз. Қазір əлем чемпионатына тыңғылықты дайындық жүріп жатыр. Ақбұлақтағысы алғашқы кезеңі. Кейін Түркістан облысында арнайы жаттығу болады. Осыған дейін халықаралық жарыстарға алғашқы және төртінші номерлі боксшыларды жіберіп, сынақтан өткізіп көрдік. Қазір барлық көшбасшы боксшы бабында. Десе де кімнің шамасы неге жететінін тағы байқап көрмекпіз. 2001 жəне 2003 жылы дүниеге келген жастарды құрамға көптеп тартамыз», - деді Мырзағали Айтжанов.
Бокстан ерлер арасындағы Əлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді. Ал əйелдер арасындағы дүниежүзінің басты бəсекесі 14-26 наурыз күндері Үндістан астанасында болады. Шəміл Сафиуллин баптайтын бұрымды боксшылар барлық 12 салмақта сынға түседі.
СБОРНАЯ КАЗАХСТАНА ПРОВОДИТ ПЕРВЫЙ УТС
В ПОДГОТОВКЕ К ЧМ В ТАШКЕНТЕ
Национальная мужская сборная Казахстана по боксу проводит первый учебно-тренировочный сбор перед чемпионатом мира. УТС проходит с 5 по 17 марта, на базе «Акбулак» в Алматинской области. В нем принимают участие все номера НСК – это 88 спортсменов.
Также, с местными мастерами тренировки проводят и представители других стран – около 60 боксеров из Великобритании, Азербайджана, Таджикистана и Грузии. По словам главного тренера нашей команды Мырзагали Айтжанова, в этом году у его подопечных два больших предолимпийских турнира – это майский чемпионат мира в Ташкенте и затем сентябрьский лицензионный 0отбор на Азиатских играх в Ханьчжоу.
«- Мы приступили к работе с января, сейчас очень тщательно работаем. Сейчас готовимся к чемпионату мира у себя. Первый этап пройдет в Акбулаке, это УТС по ОФП. А потом уже специальная подготовка в Туркестанской области. Ранее мы провели экспериментальный анализ на международных турнирах, проверив там как первых, так и четвертые номера. В настоящее время все лидеры чувствуют себя хорошо. Всех смотрим, проверяем, кто на что способен. Подтягиваем больше молодежи – с 2001 по 2003 год рождения», - сказал в своем интервью Мырзагали Айтжанов.
Чемпионат мира по боксу среди мужчин состоится с 1 по 14 мая в Ташкенте (Узбекистан). Что касается женского мирового первенства, то он пройдет в период с 14 по 26 марта. Наши спортсменки под предводительством главного тренера Шамиля Сафиуллина уже в Нью-Дели (Индия) и готовы побороться за главные медали чемпионата.
Подготовка к турниру проходила при поддержке акционерного общества Samruk Kazyna и попечительского фонда SportQory
Ақтауда жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды 09 декабря, 2024
Бағдат Оңғарбеков: Отын шауып, үй шаруасын жасап өскен ауылдың балалары физикалық тұрғыда бір бас жоғары екенін көрсетті 28 ноября, 2024
Атырауда жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті 26 ноября, 2024
Шымкентте халықаралық турнир үздіктері анықталды 04 октября, 2024