Бокстан Қазақстан əйелдер құрамасы Делиде өтетін XIII Əлем чемпионатына оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Шешуші дайындық жұмысы Үндістан астанасында 6-14 наурыз аралығында өтті. Біздің спортшылармен бір залда жарыс қожайындары, Франция мен Оңтүстік Корея боксшылары болды.
Бас бапкер Шəміл Сафиуллин бастаған біздің делегацияда барлығы 21 адам бар, 12 боксшы, жаттықтырушылар мен кешенді-ғылыми топ қосыны.
«Біздің құрама жақсы оқу-жаттығу жиынын өткізді. Біз бастапқыда мұнда ерте келіп, ауа райына, тамағына бейімделгіміз келген. Мен үшін бұл екінші әлем чемпионаты. Мұнда барынша жүлделі орындарға ие болуға тырысамыз. Біздің спортшыларымыздың көбі әлем рейтингінде ондықта екенін атап өткім келеді. Атап айтар болсам, Алуа Балқыбекова өз салмағында көш бастап тұр. Ал Жайна Шекербекова мен Карина Ибрагимова екінші орында. Негізгі қарсыластар – Үндістан, Қытай, Ресей және Өзбекстан боксшылары. Әйелдер боксында біз бұрын естімеген көптеген ел бар. Қазір бұл спорт, әсіресе, Африка құрлығында қарқынды дамып келеді», - деді Шəміл Сафиуллин.
Бірқатар ел жариялаған бойкотқа қарамастан, Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) алдағы бокстан әлем чемпионатына Халықаралық Олимпиада комитетінің мониторинг тобы келгенін хабарлады. IBA сарапшылардың алдағы додаға арнайы қатысуы ұйымның (IBA) басқару реформасы мен қызметін бағалауға арналған мониторинг талаптарының бір бөлігі екенін атап өтті.
Үндістан астанасы әйелдер арасындағы әлем чемпионатын осымен 3-рет өткізеді. Алдағы күндері 60 елден келген 300-ден астам таңдаулы спортшы жүлдеге таласпақ. Чемпиондар Халықаралық бокс қауымдастығынан 100 мың, күміс медаль иегерлері 50 мың, қола 25 мың АҚШ долларын алады. Бəсекені бастан-аяқ Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
ЖЕНСКАЯ СБОРНАЯ КАЗАХСТАНА ПО БОКСУ
ГОТОВА К ЧЕМПИОНАТУ МИРА
Национальная сборная Казахстана по боксу среди женщин завершила учебно-тренировочный сбор в подготовке к XIII чемпионату мира в Нью-Дели. Финальный УТС прошел в Индии с 6 по 14 марта. В одном зале с нашими спортсменками были хозяева соревнований и представительницы Франции и Южной Кореи.
Всего в нашей делегации под руководством главного тренера Шамиля Сафиуллина 21 человек – это 12 боксеров, тренерский штаб и комплексно-научная группа.
«Наша команда провела хороший УТС. Мы изначально хотели приехать пораньше, пройти акклиматизацию, свыкнуться с местной погодой, едой и так далее. Для меня это уже второй чемпионат мира, планируется завоевать здесь самые высокие награды. Отмечу, что большинство наших спортсменок в 10-ке мирового рейтинга. При этом, Алуа Балкибекова в своем весе возглавляет его, а Жайна Шекербекова и Карина Ибрагимова на вторых позициях. Главные соперницы – это боксеры Индии, Китая, России и Узбекистана. Немало стран, о которых мы раньше и не слышали в женском боксе. Сейчас этот вид спорта сильно развивается, в особенности на африканском континенте», - сказал в своем интервью Шамиль Сафиуллин.
Несмотря на бойкот, объявленный рядом стран, Международная ассоциация бокса (IBA) уже сообщила, что на предстоящий чемпионат мира по боксу прибыла мониторинговая группа Международного Олимпийского комитета. Как отмечается в официальном пресс-релизе IBA, участие экспертов в предстоящем турнире – часть важного процесса оценки соответствия требованиям постоянного мониторинга IBA и его текущей реформы управления, практики и деятельности.
Столица Индии принимает женский чемпионат мира уже в третий раз. За медали нынешнего розыгрыша будут биться более 300 спортсменок из 60 стран. Чемпионки получат от Международной ассоциации бокса по 100 тысяч, серебряные медалисты 50 тысяч, бронзовые 25 тысяч долларов США. Трансляция поединков с первого дня соревнований ожидается в эфире республиканского телеканала «Qazsport».
Подготовка к турниру проходила при поддержке акционерного общества Samruk Kazyna и попечительского фонда SportQory