Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Бес боксшымыз әлем чемпионатының жартылай финалында!

03 ноября, 2021

Жаһандық доданың 9 күнінде шаршы алаңға 10 боксшымыз шықты. Оның бесеуі жартылай финалға өтіп, қазірдің өзінде кемі қола жүлдеге ілігіп тұр. Толығырақ баяндай кетсек.

Күндізгі сессияның шымылдығын Теміртас Жүсіпов түрді. Ең жеңіл салмақты және ең тәжірибелі Қайрат Сатжановтың шәкірті екі дүркін Азия чемпионы өзбекстандық Нодиржон Мирзахметовпен кездесті. Үш раунд нәтижесінде отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Теміртастың келесі қарсыласы белоруссиялық Евгений Кармильчик. 

Теміртастың ізін ары қарай 54 келіде Махмуд Сабырхан жалғады. Бразилиялық боксшымен кездескен отандасымыз 5:0 есебімен жеңді.

Келесі қарсыласы үндістандық Акаш Кумар.

Үшінші болып шаршы алаңға шыққан Саматәлі Төлтаев француз Софьян Умиаға жол берді. Қорытынды есеп - 1:4

Жеңілістен кейін көрерменді серпілткен құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов. 67 келіге дейінгі салмақта отандасымыз моңғол боксшысы Баатарсух Чинзорингтен басым түсті.

Есеп - 5:0. Финалдық жолдама үшін капитан жапониялық Сивонрец Оказавамен қолғап түйістіреді.

Күндізгі сессия аяқталар тұста Нұрқанат Райыс жарыс жолынан шығып қалды.

75 келіге дейінгі салмақта италиялық Сальваторе Кавалларо біздің жігіттен айла асырып, 2:3 есебімен келесі кезеңге өтті.

Әлем чемпионатының кешкі сессиясында бес боксшымыз өнер көрсетті.

Бірінші жекпе-жекте Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов колумбиялық Юберхен Мартинестен басым түсті. 

Енді финалдық жолдама үшін Сәкен таиландтық Танарат Саенгфетпен жекпе-жекке шығады.

Екінші кездесу де ұлттық құрама үшін сәтті болды. 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Серік Теміржанов ерлік көрсетті.

Ресейлік Эдуард Савинді жеңген ол, жартылай финалда кубалық Освей Кабалльеро Гарсиямен кездеседі.

Санатәлі Төлтаев ширек финалда сүрінді. 63,5 келіде өнер көрсеткен отандасымыз шотландиялық Рис Линчке есе жіберді. Алғашқы раундта қарсыласы басым болғанмен, Санатәлі соңғы 2 раунд бойы рингте шотландиялықты қуалап жүріп сабаған.

Дегенмен, төреші Рис Линчтің қолын көтерді. Қорытынды есеп - 3:2.

Бұдан кейін шаршы алаңға шыққан отандық боксшылардың барлығы жеңілді. Алдымен Асланбек Шымбергенов украиналық Юри Захариевқа есе жіберсе, Нурбек Оралбай шаршы алаң қожайыны Владимир Мирончиковқа жеңілді.

Үшінші қараша күні боксшылар демалады. Төртінші және бесінші қараша күндері жартылай финал өтеді. Ал алтыншы қараша жаңа чемпиондардың есімін білеміз.

 

 

У Казахстана пять гарантированных медалей на чемпионате мира!

На девятый день чемпионата мира по боксу, за выход в полуфинал бились сразу десять казахстанских боксеров. Пятеро из них пробились в медальную часть и тем самым гарантировали медали сборной страны. Но обо всем по порядку. 

В дневной сессии первым за награду вышел биться Темиртас Жусупов. Самый легкий и самый взрослый подопечный главного тренера Кайрата Сатжанова встречался с двукратным чемпионом Азии Нодиржоном Мирзахмедовым из Узбекистана. По итогам трех раундов Жусупов одержал победу единогласным решением судей - 5:0. Следующим соперником Темиртаса стал белорусский боксер Евгений Кармильчик.

Далее на ринге Белграда бился Махмуд Сабырхан. В весовой категории до 54 кг не оставил никаких шансов бразильцу Мишелю Тринидаду – 5:0. В полуфинале Махмуд встретится с Акашом Кумаром из Индии.

Затем было поражение. В категории до 60 кг Саматали Тольтаев не смог пробиться в полуфинал. Обидчиком Саматали оказался Софьян Умиа из Франции. Итоговый счет – раздельное решение судей – 1:4.

Снова болельщикам настроение поднял капитан сборной Казахстана Абылайхан Жусупов. В весе до 67 кг он, без особых проблем разобрался с Баатарсухийном Чинзоригом из Монголии. Итоговый счет 5:0. За выход в финал Абылайхан будеть сражаться с Сивонрецом Оказава из Японии.

Под занавес дневной сессии, в спорном поединке уступил Нурканат Райыс. В категории до 75 кг его соперником Сальваторе Кавалларо из Италии. Райыс проиграл раздельным решением судей со счетом 2:3.

В вечерней сессии за честь страны вышли биться еще пятеро наших боксеров. И в первом же бою снова победа! Бронзовый призер Олимпиады-2020 Сакен Бибосынов выиграл у финалиста Олимпиады-2016 Юберхена Мартинеса из Колумбии. Сакен победил раздельным решением судей, при этом во втором раунде с него сняли балл. Путевку в финал Бибосынов оспорит с тайцем Танаратом Саенгфетом.

Второй бой тоже оказался удачным для сборной Казахстана. Героем стал Серик Темиржанов в категории до 57 кг. Выиграв у россиянина Эдуарда Савина, он в полуфинале он встретится с  Освеем Кабалльеро Гарсия из Кубы.

В еще одном довольно спорном поединке уступил Санатали Тольтаев. В весе до 63,5 кг он проиграл со счетом 2:3 Рису Линчу из Шотландии.

Далее также были одни поражения. Сначала Асланбек Шымбергенов проиграл украинцу Юрию Захарееву, а затем и Нурбек Оралбай ничего не смог сделать с местным боксером Владимир Мирончиковым.

Третье ноября день отдыха. Затем четвертого и пятого состоятся полуфиналы, а шестого определятся все чемпионы мира в Белграде-2021.

P.S. Фото предоставлены пресс-службой AIBA

 

 

 

 

 

 

 

Наверх