Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

4 отандасымыз Әлем чемпионатының финалында!

04 ноября, 2021

Бокстан Белградта өтіп жатқан Әлем чемптонатының финалына 4 қазақстандық боксшы жолдама алды. Жаһандық доданың алтынына таласатын жігіттеріміз: Теміртас Жүсіпов, Сакен Бибосынов, Махмуд Сабырхан, Серік Теміржанов. Осы жөнінде толығырақ...

Белградтағы шаршы алаңға бірінші болып ең жеңіл салмақтағы Теміртас Жүсіпов шықты.

Оның қарсыласы - болашағынан зор үміт күттіретін Беларусь боксшысы Евгений Кармильчик. Дегенмен Теміртас мол тәжірибесінің арқасында 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Финалдық жекпе-жекте отандасымыз таиландтық боксшы Вуттичай Юрачаймен жолығады.

Екінші болып құрама сапынан шаршы алаңға шыққан Махмуд Сабырхан да еш қиындықсыз финалға жолдама алды.

Жартылай финалда үндістандық Акаш Кумардан 5:0 есебімен айла асырған ол, финалда жапониялық Томои Цубоймен қолғап түйістіреді.

Өкінішке қарай жартылай финалда бір боксшымыз жеңіліс тапты.

Құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов Жапониядан келген Севонрет Оказаваға есе жіберді. Тартысқа толы кездесуде жапониялық боксшы жеңіске жетті.

Бұл жағдайға наразы болған ұлттық құрама штабы қарсы шағым түсіргенімен нәтиже бермеді. Осылайша Қазақстан қоржынына алғашқы қола түсті.

Кешкі сессияда қос отандасымыз Сәкен Бибосынов мен Серік Теміржанов жанкүйер көңілін марқайтты. 51 келіге дейінгі салмақта Сәкен тай боксшысы Танарат Саенгфеттен 4:1 есебімен басым түсті.

Осылайша отандасымыз 2019 жылы жаһандық додада жеңген қоласынан асып түсті.

Финалда спортшымыз америкалық Роско Хиллмен кездеседі.


Құрама сапынан жарыс жолына соңғы болып Серік Теміржанов шықты. Кубалық Освель Кабальерромен тартысты жекпе-жекте павлодарлық жігіт 3:2 есебімен басым түсті.

Тіпті, бірінші раунд аяқталар тұста Серік кубалықты нокдаунға түсірді. Енді Серік алтын жүлде үшін АҚШ спортшысы Джамал Харвимен шеберлік байқасады.

Финалдық жекпе-жектер 5-6 қараша күндері өтеді. Отандастарымыз екі америкалық, екі Таиландтық және Жапониядан келген спортшылармен бас жүлдені сарапқа салады.

Ел намысын қорғап жатқан былғары қолғап шеберлеріне бірге жанкүйер болайық!!!

 

В финале чемпионата мира 4 казахстанца!

Сразу четыре казахстанских боксера вышли в финалы чемпионата мира в Белграде! Героями чемпионата стали Темиртас Жусупов, Сакен Бибосынов, Махмуд Сабырхан и Серик Темиржанов. Но обо всем по порядку.

Первым на сербский ринг в дневной сессии полуфиналов вышел самый легкий боксер национальной команды Темиртас Жусупов. Ему противостоял перспективный спорстмен из Беларуси Евгений Кармильчик.

Наш соотечественник уверенно перебоксировал со счетом 5:0. Зат главную награду чемпионата Темиртас будет биться с Вуттичаем Юрачаем из Таиланда.

Затем свою уверенную путевку в финал завоевал и Махмуд Сабырхан. В полуфинале веса до 54 кг он одержал заслуженную победу в противостоянии с представителем Индии Акашем Кумаром. Итог зрелищного поединка – 5:0 в пользу Махмуда.

Последним соперником в Белграде у Сабырхана станет Томоя Цубой из Японии.

Ну а затем было поражение. Капитан национальной сборной боксеров Абылайхан Жусупов встречался с Севонретом Оказавой из Японии. Первый раунд выиграл соперник, а во втором победу одержал казахстанец.  Решающим стал третий раунд, который выиграл японец.

В итоге Оказава одержал победу раздельным решением судей. Отметим, что представители Казахстанской федерации бокса сразу же после боя подали протест, который к сожалению не удовлетворили.

Таким образом, Жусупов будет довольствоваться только бронзовой наградой, завоеванной в весовой категории до 67 кг.

В вечерней сессии феерили Сакен Бибосынов и Серик Темиржанов. Сакен в весе до 51 кг уверенно перебоксировал тайца Танарата Саенгфета – 4:1. И таким образом, он уже побил свое прошлое достижение – бронзу на ЧМ в 2019 году.

В финале Бибосынов будет биться с американцем Роско Хиллом.

И наконец, в весовой категории до 57 кг трудовую, судя по судейским запискам, победу одержал Серик Темиржанов. В бою с кубинцем Освелем Кабальерро он выиграл со счетом 3:2. Причем в конце первого раунда, Серик отправил Кабальерро в нокдаун.

За «золото» мира Темиржанов сразится с Джамалом Харви из США.

Финальные поединки турнира пройдут в два дня – 5 и 6 ноября. Казахстанцев ждут два противостояния с американцами, а еще в двух боях будут соперники из Таиланда и Японии.

Будем всей страной болеть за наших мастеров!!!

P.S. Фото предоставлены пресс-службой AIBA.

Наверх