Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

10 қазақстандық әлем чемпионатының ширек финалында!

02 ноября, 2021

Әлем чемпионатының сегізінші күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды. Белградтағы шаршы алаңға бас бапкер Қайрат Сатжановтың алты бірдей шәкірті көтерілді.

Алғаш болып рингке Серік Теміржанов үндістандық Рохит Мормен қолғап түйістіріп, 4:1 есебімен басым түсіп, ширек финалға қадам басты.

Әлем чемпионатының жүлдесі үшін Серік Ресей бокс федерациясының өкілі Эдуард Савинмен қолғап түйістіреді.

67 келіде команда капитаны Абылайхан Жүсіповтің 1/8 финалдағы қарсыласы поляк Дамиан Дуркач болды.

Отандасымыз барлық төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Абылайханның келесі қарсыласы Азия чемпионатының жүлдегері моңғол боксшысы Чинзоринг Баатарсухийн.

Күндізгі сессияны отандасымыз Нұрқанат Райыс жеңіспен аяқтады. 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз Босқындар құрамасының өкілі Сулиман Асламиді еш қиындықсыз жеңді.

Тіпті екінші үш минуттық барсында төреші есеп ашып, Сулиман нокдаун алды. ¼ финалдағы қарсылас италиялық Сальваторо Каваларо.

Жанкүйерлер осы әлем чемпионатының басты жұлдыздарының бірі 51 келідегі Сәкен Бибосыновты тағатсыздан күтті.

Отандасымыз үнді боксшысы Дипакқа қарсы кездесу өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Сәкеннің келесі қарсыласы колумбиялық Юберхен Мартинес Риверс.

Өзінің тамаша боксымен көзге түсе білген Саматәлі Төлтаев болды. 63,5 салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз украиналық Денис Песоцкийден айласын асырып кетті.

Санатәлінің келесі қарсыласы шотландиялық Риз Линч.

80 келі салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай еш қиындықсыз ширек финалға жолдама алды. Венгриядан келген Пал Ковачты 5:0 есебімен тізе бүктіріп, үздік сегіз спортшының қатарына кірген оныншы қазақстандық атанды.

Нұрбектің жартылай финалдағы қарсыласы ринг қожайыны Владимир Мирончик.

Әлем чемпионатының барлық кездесулерін «Qazsport» арнасының тікелей эфирінен көре аласыздар. Күндізгі сессия Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталса, кешкі сессия 22:00-де басталады.

Ел намысын қорғап жатқан былғары қолғап шеберлеріне бірге жанкүйер болайық!!!

В четвертьфиналах 10 казахстанцев!

8 день чемпионата мира по боксу выдался очень удачным для сборной Казахстана. На ринг Белграда вышли сразу 6 подопечных главного тренера Кайрата Сатжанова.

Так, первым победу на ринге дневной сессии завоевал Серик Темиржанов. В весе до 57 кг он встречался с Рохитом Мором из Индии. Серик выиграл судейским решением со счетом 4:1. За выход в медальный полуфинал Темиржанову будет противостоять Эдуард Савин из Российской федерации бокса.

Затем наступила очередь капитана команды Абылайхана Жусупова. В весе до 67 кг его соперником в 1/8 был Дамиан Дуркач из Польши. Казахстанец победил единогласным решением судей - 5:0. Следующим соперником Абылайхана станет призер чемпионатов Азии Чинзориг Баатарсухийн из Монголии.

Победой завершил первую часть соревнований и Нурканат Райыс в категории до 75 кг. Он без особых проблем разобрался с Сулиманом Аслами из Афганистана – 5:0. Отметим, что  в конце второго раунда Райыс отправил соперника в нокдаун. В ¼ оппонентом Нурканата станет итальянец Сальваторо Каваларо.

Болельщики на трибунах с нетерпением ждали выхода одной из главных звезд чемпионата мира Сакена Бибосынова. В весе до 51 килограмма он провел бой против Дипака из Индии. Казахстанец не оставил ни единого шанса своему оппоненту, выиграв единогласным решением судей - 5:0. Далее на пути у Сакена – Юберхен Мартинес Риверс из Колумбии.

Великолепный бокс продемонстрировал и младший из Тольтаевых – Санатали. В весовой категории до 63,5 кг соперником казахстанца был Денис Песоцкий из Украины. Тольтаев одержал уверенную победу единогласным решением судей по итогам трех раундов со счетом 5:0. Риз Линч из Шотландии будет очередным соперником у Санатали Тольтаева.

И наконец, шестым и последним четвертьфиналистом из Казахстана стал младший из братьев Оралбай – Нурбек. В 1/8-й финала веса до 80 кг он выиграл со счетом 5:0 венгра Пала Ковача. За выход в полуфинал Нурбек сразится с хозяином ринга Владимиром Мирончиком.

Поклонники бокса смогут увидеть чемпионат мира в эфире телеканалов «Qazaqstan» и «Qazsport». Дневная сессия начинается в 17:00, вечерняя в 22:00 по времени нашей столицы.

Будем всей страной болеть за наших мастеров!!!

 

P.S. Фото предоставлены пресс-службойAIBA

Наверх