Казахстанская
федерация Боксаkfb.kz

Новости

Тағы 3 қазақстандық ширек финалға жолдама алды.

01 ноября, 2021

Әлем чемпионатының жетінші күні еліміздің намысын қорғауға Сербия астанасындағы «StarkArena» шаршы алаңына төрт отандасымыз көтерілді.

Күндізгі сессия уақытында, 54 келіде, Махмуд Сабырхан МакХейлмен қолғап түйістірді. 4:1 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандықтың келесі қарсыласы бразилиялық Майкл Тринидад. Бұл кездесу 2 қарашада өтеді.

Кешкі сессияда Қайрат Сатжанов шәкірттері арасынан алғаш болып шаршы алаңға Саматәлі Төлтаев шықты.

60 келі салмақ дәрежесінде отандасымыз колумбиялық Дуван Зулето Мореноны 4:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шыққан қазақстандықтардың санын толықтырды.

Жартылай финалдың жолдамасы үшін Саматәлі Софьян Умиамен қолғап түйістіреді. Айта кетейік отандасымыздың қарсыласы 2017 жылы Гамбургте өткен әлем чемпионатының жеңімпазы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері.

71 келіде өнер көрсететін Асланбек Шымбергенов әлем біріншілігіндегі үшінші кездесуіне шығып,Германия өкілі Магомед Шахидовты үшінші раундта  нокаутқа жіберді.

Асланбек ¼ финалда, жастар арасындағы әлем чемпионы Юрий Захариевпен кездеседі.

92 келі салмақ дәрежесінде кешкі сессияның соңғы жекпе-жегінде екі қазақ кездесті. Отандасымыз Айбек Оралбай Өзбекстан атынан шығып жүрген этникалық қазақ Мадияр Саидрахимовпен қолғап түйістірді.

Алғашқы раундта Айбек қарсыласын нокдаунға жібергенімен, екінші үш минуттық кезінде отандасымызға төреші есеп ашты. Соңғы раунд Саидрахимовтың еншісінде кетіп, Мадияр әлем чемпионатының ¼ финалына жолдама алды.

Әлем чемпионатының барлық кездесулерін «Qazsport» арнасының тікелей эфирінен көре аласыздар. Күндізгі сессия Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталса, кешкі сессия 22:00-де басталады.

Ел намысын қорғап жатқан былғары қолғап шеберлеріне бірге жанкүйер болайық!!!

 

Еще 3 казахстанца пробились в четвертьфиналы.

На седьмой день чемпионата мира по боксу в Белграде честь Казахстана в своих очередных поединках защищали четверо наших боксеров. Так, в дневной сессии на ринг вышел Махмуд Сабырхан. В 1/8 финала турнира, весовой категории до 54 кг Махмуд встречался с шотландцем Мэттью Макхэйлом и победил его раздельным решением судей 4:1. Следующим соперником казахстанца будет бразилец Майкл Тринидад. Этот бой состоится 2 ноября.

В вечерней сессии первым из подопечных главного тренера Кайрата Сатжанова вышел Саматали Тольтаев. В весовой категории до 60 кг, Тольтаев встречался с Дуваном Зулетой из Колумбии и победил его раздельным решением судей 4:1. Соперник казахстанца за выход в полуфинал Софьян Умиа из Франции. Он к слову, является чемпионом мира 2017 года и серебряным призером Олимпиады в Рио-2016.

Затем свой третий бой провел Асланбек Шымбергенов, выступающий в категории до 71 кг. Его встреча с Магомедом Шахидовым из Германии завершилась нокаутом в третьем раунде. В ¼ финала, Асланбек будет биться с одним из самых перспективных боксеров украинской команды, чемпионом мира среди молодежи Юрием Захариевым.  

И наконец, в весе до 92 кг, в последнем поединке вечерней сессии на ринг вышли два казаха. Наш соотечественник Айбек Оралбай против этнического казаха из Узбекистана Мадияра Саидрахимова.  В первом раунде Оралбай отправил оппонента в нокдаун. Однако во второй трехминутке Саидрахимов "взял реванш" и уже казахстанцу отсчитали нокдаун. Заключительный раунд остался за Саидрахимовым, который и прошел в 1/4 финала.

Поклонники бокса смогут увидеть чемпионат мира в эфире телеканала «Qazsport». Дневная сессия начинается в 17:00, вечерняя в 22:00 по времени нашей столицы. 

Будем всей страной болеть за наших мастеров!!!

 

P.S. Фото предоставлены пресс-службой AIBA 

 

 

 

 

 

 

Наверх