Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Демеушілер және серіктестер

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – Қазақстан бокс федерациясының бас демеушісі
    «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ұлттық компаниясы – Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекеттің мүдделеріне өкілеттік ететін, көмірсутекті барлау, өндіру, өңдеу, тасымалдау бойынша ұлттық оператор. ҚМГ ҰК акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға тиесілі.
    Қызметтің негізгі бағыттары:
    • Мұнай және газды барлау мен өндіру;
    • Мұнай тасымалдау;
    • Газ тасымалдау;
    • Мұнайды қайта өңдеу, мұнай және мұнай өнімдерінің маркетингі мен өтімі;
    • Мұнайгаз саласына сервистік қызмет көрсету
     
    «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ұлттық мұнайгаз саласын дамытуға қатысудан Қазақстан Республикасының ең жоғарғы деңгейдегі пайдасын қамтамасыз етуді өзіне мақсат етеді:
    • компания бағасын жоғарғы деңгейге көтеру, тиімділігін арттыру, өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 
    • біріктірілген мұнайгаз компаниясының халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті сапасымен қалыптасуы;
    • тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің  отандық жеткізушілерін қолдау, мұнайгаз жобаларында қазақстандық мазмұнды көтеру, жергілікті кадрларды жетілдіру.
     
    «ҚазМұнайГаз» еліміздің мұнайгаз саласында мұнай өндіру саласында 25 пайызды, мұнай тасымалдауда 80 пайызды, газ тасымалдауда іс жүзінде 100 пайызды, сондай-ақ Қазақстанда мқнай өндірудің 85 пайызын қамтамасыз ете отырып, жетекші ұстанымды иеленген.  
    Бүгінде «ҚазМұнайГаз» тобының өте ірі компанияларына кіретіндер:
    • «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (мұнай мен газды барлау және өндіру)
    • «ҚазТрансОйл» АҚ (мұнай тасымалдау)
    • «ҚазТрансГаз» АҚ (газ тасымалдау)
    • «ҚазМұнайТеңіз» (теңіздегі мұнай операциялары)
    • «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ (танкерлік тасымалдау)
    • «ҚазМұнайГаз» АҚ – қайта өңдеу және маркетинг» (мұнай және мұнай өнімдерін ішкі және халықаралық нарықта сату)
    «ҚазМұнайГаз» АҚ-ң қызметі еліміздің экономикасын дамытуға стратегиялық мән береді және барлық қазақстандықтардың мүддесін  көтереді.
     
    Компанияның инвестициялық саясатындағы басымдығы – компанияның болашақтағы өсу құнына база құруға бағытталған:
    • мұнай мен газдың жаңа кен орындарын барлау мен өңдеу есебінен көмірсутек қорларын көбейту;
    • мұнайгаз тасымалдау инфрақұрылымын кеңейту мен әртараптандыру жобаларын жүзеге асыру;
    • мұнайхимия өндірісін дамыту мен МӨЗ-ді жаңарту мен қайта құру жобаларын іске асыру;  
    • Каспий теңізінің қазақстан жағындағы мұнай операцияларын қолдау үшін сервистік инфрақұрылым құру мен дамыту.
  • Конфедерация

    Конфедерация спортивных единоборств и силовых видов спорта

  • Фонд поддержки индустрии туризма и спорта
Беттер

Дни рождения

03/ 11
08/ 11
11/ 11
12/ 11
18/ 11
20/ 11
21/ 11
21/ 11
22/ 11
24/ 11
25/ 11
27/ 11
Наверх