Сүлейменов АРВ-ң бірінші айқасында жеңіске жетті
26 Қазан, 2014
Ілияс Сүлейменов АРВ-ң дебюттік айқасында жеңіске жеткен, үшінші қазақстандық боксшы атанды.
Новосибирскіде, 52 кг салмақ категориясына дейінгі айқастарға қатысатын, Азиада чемпионы Ілияс Сүлейменов, 2013 жылғы Әлем чемпионатының финалисті, өзбек боксшысы – Жасурбек Латиповпен айқасты. Жарыста қазақстандық басым болып, нәтижесінде 3:0 (60:54, 58:56, 60:54) есебімен жеңіп шықты.
Осы салмақтағы басқа да кездесулерде мексикандық Элиас Эмигдио аргентиналық Фернандо Мартинезаны – 3:0 есебімен жеңсе, алжирлық Мохаммед Флисси екінші раундта жедел түрде француз Редуан Аслумды басып озды.
Кештің басты айқасында екі мәрте әлем чемпионы, ресейлік Миша Алоян итальяндық Винченцо Пикардиді – 3:0 есебімен жеңді.
Екі күн бұрынғы Про-боксингте Берік Абдрахманов (60 кг) пен Антон Пинчук (91 кг-ға дейін) жеңіске жетті. Жеңілген Әділбек Ниязымбетов (81 кг) болды.
1 қарашада Қытайда жергілікті спортшы Лу Бинге қарсы әлем чемпионы Біржан Жақыпов шығады.