«Тарлан» ДСК Семейде ашылды
18 Қыркүйек, 2014
Бүгін Семей қаласында (ШҚО) спорттық жекпе-жек пен күш қолданылатын спорт түрлері бойынша әмбебап «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.
Осы жылдың көктемінде осындай орталық Түркістан қаласында (ОҚО) пайдалануға берілген болатын. Ендігі кезек – Шығыс Қазақстан. «Тарлан» ДСК-і боксқа, күреске, дзюдо, таэквандо, ауыр атлетикаға арналып жасалған. Семей қаласындағы кешенде спортпен шұғылдануға барлық жағдайлар жасалып, қажетті жабдықтармен жабдықталған. Мұнда бірден 100-ден аса спортшы шұғылдана алады.
Салтанатты ашылу рәсіміне ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Серік Қонақбаев, ҚБФ-ң атқарушы директоры Бекжан Бектенов және басқа ресми тұлғалар мен көпшілік қауым қатысты.
Өзінің құттықтау сөзінде Бердібек Сапарбаев ҚБФ-ға кешенді салғаны үшін алғысын айтып («Тарлан» бір жылдың ішінде салынды), Семей қаласы спорт инфрақұрылымының дамып, балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастырудың қосымша мүмкіндігі туғанын атап өтті.
Серік Қонақбаев, өз кезегінде жұртшылыққа жақында Алматы маңында АИБА Бүкіләлемдік бокс академиясының салтанатты ашылуы өткендігін естеріне салды.
Фото – Александр КАНИВЕЦ