Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

АИБА-ң Бүкіләлемдік бокс академиясы ашылды!

17 Қыркүйек, 2014

 Бүгін Алматы облысы Талғар ауданында ғаламшардағы ең алғашқы оқыту-спорттық кешеннің - АИБА-ң Бүкіләлемдік бокс академиясының салтанатты ашылуы болды.

Орталық биылғы жылдың мамыр айында пайдалануға берілді, ол барлық талаптарға жауап береді, және АИБА-ң ұлан-байтақ жанұялық үйі ретінде жайғасқан.
 
Академияның ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедияұлы, Халықаралық бокс ассоциациясының президенті Чинг-КуоВу, Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев, ҚБФ-ң вице-президенттері Юрий Цхай мен Серік Қонақбаев қатысты. Шақырылған қонақтардың ішінде әлемдегі әртүрлі ұлттық бокс ассоциацияларының бірінші тұлғалары, Алматы облысының басшылығы, Алматы облысы бокс федерациясының басшысы Бауыржан Оспанов, спорттың ардагерлері де бар.
 
Осындай үйлесімді оқиғаларда лентаны салтанатты қиғаннан кейін, қонақтар мен БАҚ өкілдері академияның оқыту-спорттық кешеніне кіріп, Бүкіләлемдік бокс академиясы туралы көрсетіліп жатқан фильмді тамашалады.
 
Арыстанбек Мұхамедиұлы, Чинг-КуоВу және Серік Қонақбаев құттықтау сөз сөйлеп, одан соң Қонақбаев Бүкіләлемдік бокс академиясын ашық деп жариялады.
 
Бүкіләлемдік бокс академиясының ресми ашылуы шеңберінде Қазақстан бокс федерациясы мен Вильтце атындағы клиника (Оңтүстік Корея) арасында келісімге қол қойылды. IRC - АИБА-ң Халықаралық оңалту орталығы – бұл заманауи жабдықтармен жабдықталған медициналық кешен. Келісімге ҚБФ-ң атқарушы директоры Бекжан Бектенов пен клиниканың бас дәрігері доктор Пак қол қойды.
 
Соңынан іс-шараға қатысушыларға кешен бойынша экскурсия ұйымдастырылып, қонақтардың көргендеріне көңілдері толды.
 
Фото - Сергей ШТРАК

Наверх