Ересектер арасындағы ел чемпионаты Таразда өтеді
05 Қыркүйек, 2014
Бокстан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты 2014 жылғы 25 қараша мен 3 желтоқсан арасында Тараз қаласында өтеді.
Ел біріншілігін өткізу орны туралы шешім бүгін Астана қаласында, ҚБФ-ң вице-президенті Данияр Рүстемұлы Абылғазиннің төрағалығымен өткен Қазақстан бокс федерациясы Атқарушы комитетінің Бюросы мәжілісінде қабылданды.
Бюро мүшелері былғы жылы бокстан республика чемпионатын өткізу құқығына ие болуға берген Алматы және Жамбыл облыстық бокс федерацияларының тапсырыстарын қарап, сонымен бірге ел біріншілігін өткізу жобасының тұсаукесерлерімен танысып, Тараз қаласында бокстан ересектер арасындағы ҚРЧ-2014 өткізу туралы шешімді көпшілік дауыспен қабылдады.
Мәжіліске қатысушылар ел чемпионатын талқылай отырып, Тараз қаласында өткізілетін ел біріншілігі бокстың бай дәстүрлерін игерген өңірлерде спорттың бұл түрін дамыту жаңа қозғалыс беретінін атап өтті. Сонымен бірге, Алматы облысында осы өңірдің федерациясы күшінің арқасында, спорттың осы түрі серпінді дамып келеді.