Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Жарыстың финалистері анықталды

12 Шілде, 2014

Ересектер арасындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі» IV Халықаралық жарысының финалына 11 қазақстандық боксшы шықты. Бүгін, 12 шілдеде Алматыда 49, 52, 56, 64, 69, 75, 81 кг-ға дейін және 91 кг-дан жоғары салмақ категориясында жартылай финалдық айқастар өтті.

Біржан Жақыпов (49 кг), Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының шаршы алаңына алғашқы болып шығып, ресейлік Расул Салиевті (3:0) сеніммен жеңді. Жомарт Ержан табан тірскен күресте өзбек спортшысы Хасанбай Досматовтан (2:1) жеңіліп қалды. Жақыпов пен Дусматов алтын медаль үшін айқасатын болады.
 
Ілияс Сүлейменов (52 кг) филиппиндік Рэй Салударуден (2:1) жеңіліп қалды, Рей ресейлік Гавриил Поповты техникалық нокаутпен жеңген, Өзбекстан өкілі Шахобиддин Зоировпен ақтық мәреде бақ сынасатын болады.
 
Қайрат Ералиев (56 кг), ресейлік боксшы Зинат Жандыбаевты басып озып (3:0), ақтық сында командалық жолдасы, осы жарыста аты шыққан, Жанболат Тілегенұлымен кездесетін болады. Кеше қазақстан командасының үшінші нөмірлі боксшысы Лондон Олимпиадасының чемпионы Робейси Рамирезді тізе бүктірсе, ал бүгін - Лондон Олимпиадасының финалисі моңғолдық боксшы Тугцогт Ноямбаярды (2:1) тізе бүктірді.
 
ҚР чемпионы Алмасбек Әлібеков (64 кг) тайлық Вуттичай Масукиден (2:1) жеңіліп қалды. Финалда Вуттичай моңғолдық Баттарсуг Чинзоригті жеңген (3:0), кубалық Луис Олива Генермен кездеседі. выйдет против кубинца, победившего монгола.
 
ҚР ұлттық құрамасының чемпионы, әлем чемпионы Данияр Елеусінов (69 кг) өзбек боксшысы Исраил Мадримоваты нық сеніммен жеңді (3:0), ал Сағадат Рахманқұлов 3:0 есебімен Ариснодиус Диспейнді (Куба) басып озды. Ертең жарыстың алтынын «қазақы» салмақта ҚР ҰҚК-ң мүшелері ойнататын болады.
 
Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) кубалық Лопез Кардонды (3:0) жеңді және финалда алтын үшін өзбек Хуршидбек Норматовты (2:1) жеңген, украиндық боксшы Дмитрий Митрофановпен кездеседі.
 
Әділбек Ниязымбетов (81 кг) кубалық Эммануэль Рейес Платқа еш мүмкіндік бермеді, есеп - 3:0. Ол финалда біздің құраманың тағы да бір өкілі, өте қиын айқаста украиндық боксшы Александр Ганзуляны (2:1) жеңіп шыққан, Дәурен Елеусіновпен кездеседі.
 
Аса ауыр салмақ категориясында алғашқы финалист атанған Иван Дычко, ҚР ҰҚК-ң мүшесі Нұржан Бекзатовты 3:0 есебімен жеңді. Ол финалда біздің Қамшыбек Қоңқабаевтан (3:0) асып түскен, кубалық Иоранди Тоирак Ортегамен кездесетін болады.
 
Естеріңізге сала кетейін, кеше Берік Абдрахманов (60 кг) пен Антон Пинчук (91 кг) финалға шыққан еді. Ертең оларға қарсы тұратындар филиппиндік Чарли Суарез пен кубалық Руис Кордова Херих болады.
Наверх