Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Алғашқы қадам

25 Маусым, 2014

Мыңдаған қазақстандық балалардың піріне айналған Серік өзінің мансабындағы Ел басының рөлі, шаршы алаңның қиындыықтары, Қазақстан бокс федерациясындағы өзінің қазіргі жұмысы мен болашақтағы жоспарлары туралы әңгімелеп берді. Ол қашанда жеңіске жетуге асығатын, дегенмен де бокспен қоштасып та кеткен еді, алдында оны міндетті түрде бағындыратын, үлкен белестері күтіп тұр.  

Президенттің қолдауы Олимпиадада жеңіске жетуіме жәрдемдесті 
– Мен бұрында айтқам, ендігі жерде тағы да қайталаймын: Нұрсұлтан Әбішұлының жеке қолдауы менің спорттағы мансабыма қөп әсерін тигізді, Олимпиада ойындарының алтын алқасын жеңіп алуыма мүмкіндік берді. Пекиннен кейін қатты құлазыдым, екі рет әлем чемпионатынан жеңіске жетіп, әлемнің басты жарысында жүлдегерлердің қатарында болмадым. Бірақ Президент Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуінде маған бәрі алда екенін, келесі Олимпиада да бәрі жақсы болатынын айтты. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі мені алға қарай жігерлендірді, міне көріп отырғандарыңыздай, менде бәрі жақсы. Айта кетейін, Олимпиада да жеңіске жеткенімде, Президент мені алғашқы болып құттықтады. Ел басының қолдауы мен бағдарламасы менің бүгінгі өмірімді де өзгертті. Бәріңізге мәлім, мен қазір «Болашақ» президенттік шәкіртақысымен Лондонда Брюнель Университетінде спорт менеджеріне оқып жатырмын. Иә, кәсіби бокста жеткен жетістіктерім таңқалдырды, бірақ Лондоннан кейін табысқа масаттану – мен үшін емес екенін білдім. Қиын жылдан кейін демалып, денсаулығымды түзедім. Неге спорт менеджементі? Маған осы бағытта жұмыс істеу қызықты болды. Қазақстан бокс федерациясы маған жаңа сипатта – спорт директоры ретінде өзімді көрсетуіме мүмкіндік берді. Маған Қазақстан бокс федерациясында жұмыс істеген ұнайды, онда кез келген тапсырманы орындай алатын, алға қарай ұмтылушы адамдар жұмыс істейді. Шындығында, жаңа өмір жолымда, болашақта алдыма қойған барлық мақсаттарым мен міндеттерімді орындауға сенімдімін. Қазіргі лауазымымда, сонымен қатар, функционерлерді де жақсы түсіне бастадым. Спортшы болған кезімде спорттық іс-шараларды ұйымдастыру шаршы алаңда шайқасқаннан да қиын екенін түсінбептім. Әртүрлі семинарлар мен тренингтерге қатысу маған өте қызық болды. 
Мен 17-18 жас аралығындағы жас спортшылардың ересектер боксын игеруіне бағытталған бағдарламамен жұмыс істеуге ниеттеніп отырмын. Жасөспірім шағында көпшілікті көзіне түсіп, ересектер арасында өзін көрсете алмай қалған жағдайлар аз емес. Осы проблеманы шешу қажет. 
 
Ауыр жүкті арқалап
– Спорт менеджменетін оқытатын негізгі оқу орталықтары батыста көп, бірақ біздің елімізде әлемдік деңгейдегі спорт брендтерін жылжыту ббойынша көптеген жұмыс көлемін жасады. Алғашқы ірі жоба – «Астана» КХЛ клубын құру, «Астана» Президенттік спорт клубы аясында республиканың жетекші командаларын әрі қарай біріктірумен – әркім мақтана алмайды. Мен Президенттік сайлауға бардым ба? Иә, 2005 жылы. Өз дауысымды Нұрсұлтан Әбішұлына бердім. Мен қазіргі Президентіміздің Отанымыздың дамуына, бірден бір кандидатура екенін сонда білдім, қазіргі кезде есейіп, қатардағы адам ретінде – оны көбірек түсіндім. Президентпен қатар тұрғанда, тал бойыңа қуат пен күш бірден берілетінін байқайсың. Қазақстан Республикасы мемлекет ретінде Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге құрылған. Азамат ретінде, еліміздің жан жақты дамып келе жатқанын байқаймын, біздің Президентімізді әлемде ерекше құрметпен қарсы алады. Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекетті аз кем ширек ғасыр басқарып келеді, ал бұл үлкен жүк. Президент көбінесе жастарға көңіл бөледі, жас ұрпақ – мемлекеттің болашағы екенін айтады. Өз атымнан Мемлекет басшысының саясатын, сонымен бірге халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бар күш-жігерімді саламын. 
Қазақстанның беделді жобалары шетелге толығымен, және Ұлыбританияға жартылай белгілі. ОБСЕ саммиті, қысқы Азиада, алдымызда болатын «ЭКСПО-2017» Бүкіләлемдік көрмесі туралы – бұл елдерге белгілі. Университетте студенттер Қазақстанның қалыпты өмірі туралы білгісі келеді, мен оларға біздің толеранттылығымыз, қонақжайлығымыз, ұлттық келісім туралы әңгімелеп беремін. Маған ЮНЕСКО-ң идеалдары жақын, оның білім беру, мәдениет, спорт, салауатты өмір сүру мәселелері жөніндегі саясатын тұтастай қолдаймын. Бұл өте маңызды міндет, сондықтан да оны мақтанышпен алып жүремін. Спорттан ЮНЕСКО-ң елшісінен атақ алғандар: 
Пеле, Михаэль Шумахер, Сергей Бубка, Вячеслав Фетисов, Жюстин Энен… Осындай атаққа ие болған алғашқы қазақстандық, мен үшін бұл үлкен қуаныш.  
 
Ең бастысы жалқаулықтан арылу 
– Бокстық мансабымда қандай қиындық болды? Қарсыластардан жеңілу емес – мен олармен ешқашан кектескен емеспін. Керісінше, шаршы алаңнан тыс мен олармен жақсы қарым-қатынаста боламын. Сенің кешегі қарсыласың саған жақын адамдай болып кетеді. Бұл әрі қарай уәж айту емес. Бір рет жарыста жеңіске жетсең, әрі қарай да жеңілгің келмейді. Бұл әрине, кеудемсоқтық емес. Жоғарыда айтқанымдай, Пекин Олимпиадасынан кейінгі сәтсіздіктен соң, президенттік қолдаумен жаңаша жігермен келесі олимпиадалық кезеңге қатысып, кәсібилердің қатарынан көріндім.
Бұл сын да емес. 2010 жылдың басы мен үшін оңай болмады, мен республикалық чемпионатта жеңе алмадым.
Сол уақытта кейбір адамдар құрамадан кеткенімді, жастарға орын босатқанымды қалап, бокстан «қол үз» деген, өйткені жабық тәсіл мен үшін емес айтқан да еді. Бірақ мен сол жылы Президент Кубогін жеңуге міндетті едім, неге десеңіз, менің ұлттық командадағы орным осыған байланысты болды. Мен және менің жеке жаттықтырушым - Александр Владимирович Стрельников – соңына дейін мені жеңіске жеткізетін - ойын түріндегі әдісімді қолдануға бел будық. Техникалық шабуылдаушы бокс маған Президент кубогінен бірінші орынға, Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында алтынға, Бакуде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге, Лондон олимпиадасында Баркер кубогімен бірге алтынға қол жеткізді.  
Мен жаттығулар кезінде өзіме қуат таба алмай, қиналдым. Менің белім қатты ауыратын. Бірақ өзіме былай дедім: «қажет, қажет, қажет»... Үлкен жеңістерге жету оңайға соқпайды, жарыстың бірден бір сүйікті шарттарының бірі – беделді сарбаздың дәрежесін ұстау үшін – барлық тапсырмаларды орындау қажет. Кез келген бастамада табысқа жету үшін, бірінші кезекте өзіңді жеңуің керек.
6 шілде – астана күні. Астана – әсем қала, маған мұнда жарыстарға келу қатты ұнайды. Менің ендігі жердегі жұмыс орным – ҚБФ офисінде, мен бұл қала туралы көп білетін боламын. Ең бастысы, Астана менің туған қалам Абайдан 250 километр жерде орналасқан, мен өз отбасымды жиі көретін болдым.
Өскелең ұрпаққа айтарым, еңбекқор,тәртіпті болу, үлкендерді сыйлап, алдыларыңа мақсат қоя біліңдер және оған жете де білу қажет. Президентімізден, көптеген қазақстандық қайраткерлерден, спортшылардан үлгі ала білу керек. Оларға да басында ауыр болды, бірақ алғашқы қадамдар жасап, алға ұмтыла білді. Жалқаулықтан арылу қажет.

Серік СӘПИЕВ, олимпиада чемпионы, Вэла Баркер Кубогінің иегері, екі мәрте әлем чемпионы, спорттан ЮНЕСКО-ғы Қазақстанның алғашқы елшісі
 
 
Наверх