Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Бокстан Қазақстан құрамасы Президент кубогіне дайындалып жатыр

20 Маусым, 2014

 Үстіміздегі жылғы шілденің 8-і мен 13-і аралығында Алматы қаласында бокстан «А» класындағы IV халықаралық турнир – ҚР Президентінің кубогі өтеді. Осы айтулы жарысқа отандық спорт әуесқойлары алғаш рет 2013 жылғы әлем чемпионатынан кейін еліміздің ең күшті сарбаздарының өнерін тамашалайды

Біздің елімізде президенттің атына байланысты барлығы жоғары мәртебе ие. Бокс турнирі де жоғары атаққа лайықты. Бұл олжаны ұту – беделді және құрметті. Қазақстан құрамасы қашанда ұлттық құраманың алғашқыларын қатыстырады. Басқа елдерден де атақты және танымал былғары қолғап шеберлері қатысады. Әр жылдары турнирдің жеңімпазы Біржан Жақыпов (екі мәрте), Қанат Абутәліпов (екі мәрте), Галиб Джафаров, Серік Сәпиев (үш мәрте), Бахтияр Артаев, Рустам Ргебаев, Ілияс Сүлейменов, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко (екі мәрте) болды. Шетелдік спортшылардан бірінші орындарды әзірбайжандық Эльчин Ализаде, украиндық Василий Ломаченко мени Александр Усик, кубалық Яснер Толедо Лопез және т.б. жеңіп алды.… 2006 және 2010 жылдары Президент кубогі Астана қаласында, екі жыл бұрын турнир Алматыда өтті. Жеңістің олжасы үнемі біздің командамызға бұйырыды.  
 
Осы жолы да жарысқа көрнекті командалар жиналады. Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының шаршы алаңына кем дегенде 12 елдің боксшылары шығатыны анық. Қазақстан, Куба, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Армения, Түрікменстан, Филиппин, Украина мен Таиланд ұлттық құрамалары қатысатындарын растап қойды. Әзірге Әзірбайжан мен Ирак командалары өз жауаптарын бермеді.  
 
ҚР Ұлттық құрамасы алматының шаршы алаңында үш құрамда өнер көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, ҰҚК-ң алғашқылары болып табылатындар: әлем чемпионы Біржан Жақыпов (49 кг), Әділет Құрметов
(52 кг), әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Қайрат Ералиев (56 кг) пен Берік Абдрахманов (60 кг), Алмасбек Әлібеков (64 кг), әлем чемпионы Данияр Елеусінов (69 кг) ӘЧ-ң финалисті Иван Дычко (91 кг-дан жоғары). Екінші және үшінші құрамның боксшылары Азия чемпионы Теміртас Жүсіповты (49 кг), АЧ финалисті Ілияс Сүлейменовті (52 кг), Азия чемпионы Айдар Әмірзақовты (64 кг), студенттер арасында әлем чемпионы Дәурен Елеусіновті (81 кг) айтып кету керек. 
 
Барлық он салмақ категориясында Куба құрамасы да қатысады. Алматыда алғашқылар қатарында: Амадор Сантьяго Па дрон (49 кг), Хорхе Луис Кордеро Парлай (52 кг), Робейси Рамирез (56 кг), Пабло Висенте Кармона (60 кг), Луис Оливейра Генер (64 кг), Ариснодиус Диспэйн (69 кг), Арлен Лопез Кардона (75 кг), Эмануэль Рейес Плат (81 кг), Херих Руис Кордова (91 кг-ға дейін), Йоанди Тоирак Ортега (91 кг-дан жоғары). Іс жүзінде осы құрам маусым айында WSB әлемдік бокс сериясының чемпиондық атағын жеңіп алды. Робейси Рамирез олимпиада чемпионы атанса, ал Ариснодиус Диспэйн – әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды. Айта кету керек, олардығ екеуі де өткен жылы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен әлем біріншілігінде қазақстандық боксшылардан жеңіліс тапқан болатын. Рамирез финал ширегінде Кайрат Ералиевтан, Диспэйн финалда Данияр Елеусіновтен жеңілген еді. 
 
Толық құрамммен Өзбекстанның да құрамасы келеді. Бұл команданың құрамында универсиада чемпионы Хасанбай Дусматов (49 кг), әлем чемпионатының финалисті және қола жүлдегері Жасурбек Латипов (52 кг) пен Азия чемпионы Ойбек Мамазулунов (81 кг) бар. Сегіз салмақ категориясында өнер көрсететін, Қырғызстан құрамасынан ең басты жұлдызы – қазіргі Азия чемпионы Азат Усеналиев (52 кг) келеді. 
 
Әр салмақ категориясында бір бірден боксшы қатысатын, осы заманғы үдемелі командалардың бірі – Моңғолия құрамасы. Өз байрағын желбірітуге Олимпиада және әлем чемпионатының финалисті Цуцгот Нуямбаяр (56 кг), жақында Алматыда әскерилер арасында өткен әлем чемпионатының триумфаторы Батарсуг Чинзориг (64 кг), Азиада және әлем біріншілігінің жүлдегері Оторянгал Яргал (75 кг) келеді.   
 
Филиппиндер үшін өнер көрсететін Азия ойындарының жеңімпазы Рэй Салудар (52 кг), Тайланд командасының құрамасында Азиаданың қола жүлдегері Вуттичай Масук (64 кг) пен Азия чемпионатының финалисті Сайлом Арди (56 кг) бар. Әсіресе күшті Украина командасы барлық салмақ категорияларында келетін болды, бірақ оның құрамында жас боксшылар өнер көрсетеді. 
 
– Біз үшін Президент кубогі жылдың негізгі бастамасым – жазғы Азия ойындарының шеңберіндегі қорытынды турнир болып табылады, - деді «Литер» газетіне ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов. – Жыл бойына құрама мүшелері оннан аса халықаралық жарыстарға қатысып, әрбір салмақтағы үздіктер үш-төрт халықаралық турнирлерге қатысты. Дегенмен, турнирде еуропалық күшті командалар қатарынан - Англия, Ирландия, Франция сияқты елдерден болмайды, - бірақ біздің жігіттер Куба, Ресей және басқа да елдерден келген күшті қарсыластарынан жеткілікті тәжірибе алады. Айтарлықтай, Президент кубогіне әлемнің жетекші елдерінен - Азиадада қазақстандықтардың болашақтағы қарсыластары қатысады. Жұп сан жылында, дәстүрге айналғандай – негізгі ресми турнир алдында біздің құрама Қазақстан Республикасы Президенті кубогіне қатысады. 
 
Жарыстарда алған тәжірибеміз Азия ойындарында табысты өнер көрсетуге жәрдемдеседі.
 
Ақпарат көзі: liter.kz
 
Наверх