Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Бүкіләлемдік академиядағы әйелдер ҰҚК жылына 2-3 жиын өткізуді жоспарлайды

11 Маусым, 2014

Біз атап өткендей, АИБА Бүкіләлемдік бокс академиясы базасындағы (Алматы облысы, Талғар ауданы) Қазақстанның әйелдер құрамасы Ресей, Моңғолия мен Өзбекстан командаларының қатысуымен халықаралық кездесуде барлық қарсыластарын жеңді. Төменде ҚР ҰҚК аға жаттықтырушысы Вадим Присяжнюк оқу-жаттығу жиыны мен халықаралық кездесудің қорытындысын былайша шығарады:

- Мен бұл туралы айтқанмын, тағы да қайталап айтамын – Бүкіләлемдік бокс академиясында керемет жағдайлар жасалған, толық жұмыс жасау үшін барлығы бар. Ресей, Өзбекстан мен Моңғолия құрамаларының өкілдері әлемдегі жалғыз бокс академиясының деңгейіне ерекше таң қалды. Айтарлықтай, кешен экологиялық таза аймақта орналасқан. Біз оның базасында жылына 2-3 жиын өткіземіз деп жоспарлап отырмыз.
 
Жекпе-жек барысында іс жүзінде ұлттық команданың бүкіл құрамын көрдік. Біздің қыздар, және олардың қарсыластары жақсы дене қалпында болмады. Бұл ғажап емес, біз құраманы тамаша кейіпке күзде – Азия ойындары мен әлем чемпионатында даярлаймыз. Сонда да барлық боксшыларымыз қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Моңғолияның командасына оңай болмады, кездесуге төрт тәулік пойызбен жүріп, әрең жетті.
 
Біздің жетекші боксшыларымыз - Марина Вольнова (75 кг), Дариға Шәкімова (69 кг), Назым Қызайбай (48 кг) өздерін жақсы ұстап, сеніммен жеңіске жетті.
 
Арнай жарыстарға дейінгі біздің жоспарларымыз? 22 маусымнан 2 шілдеге дейінгі аралықта бірінші нөмірдегілер Крит (Греция) аралында еуропалық командалармен бірге бірлескен жиынға қатысады. Тоғыз күн – жаттығу, артынша екі күнде іс-тәжірибе алмасамыз. Екінші нөмірдегілер маусымның аяғында Щучинскідегі оқыту-жаттығу жиынына, одан кейін олимпиадалық салмақ категорияларының (51, 60, 75 кг) өкілдері Қытайға «ЧайнаОупен» Халықаралық турниріне барады, ал қалғандары Ресей командасымен бірлескен жиын өткізеді.
 
Тамызда Ыстық көлде үш апталық жалпы дене дайындығы белгіленген, содан кейін Азиадаға және әлем біріншілігіне дайындық басталады.
 
Крит аралына ОЖЖ (УТС) баратын құрама құрамы:
 
48 кг – Назым Қызайбай, 51 кг – Жайна Шекербекова, 54 кг – Дина Жоламан, 57 кг – Сәния Сұлтанқызы, 60 кг – Гүлжан Уббиниязова, 64 кг – Зарина Цолоева, 69 кг – Дариға Шәкімова, 75 кг – Марина Вольнова, 81 кг-дан жоғары – Ләззат Күнгейбаева.
 
 
 
Наверх