Төрт медаль – екі алтын, күміс және қола медальдарды қазақстандық спортшылар 9 наурызда Баку қаласында (Әзірбайжан) өткен, ересектер арасындағы бокстан «Ұлы Жібек жолы – 2014» халықаралық турнирінде жеңіп алды.
Турнирдің жеңімпаздары Олжас Саттыбаев (52 кг) және Закир Сафиуллин (60 кг). Күміс жүлдені Дәурен Елеусінов (81 кг) жеңіп алды. «Бронза» Сағадат Рахманқұловтың (69 кг) қоржынына түсті. Ерлан Тамемов (52 кг), Сапарбай Айдаров (75 кг) және Нұржан Бекзатов (+91 кг) ширекфиналда өздерінің айқастарынан жеңіліс тапты.
Барлығы турнирге қатысқандар 9 елден 130 өкіл болды.