Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қамшыбек Қоңқабаев: Әлем чемпионатында қазақ тарихында болмаған +91 келі салмақта еліме тұңғыш алтын сыйлағым келеді

24 Шілде, 2019

Президент Кубогы халықаралық турнирінің жеңімпазы, ұлттық құрама командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев жарыстағы жеңісі туралы, Әлем чемпионаты мен болашаққа жоспарларымен бөлісті.

-   -Өткен турнир тек Қазақстанда ғана емес, Әлемдегі мықты халықаралық турнирлердің біріне жатады деп айта аламын. Себебі әлемнің  әр бұрышынан мықты спортшылар келіп, өз бақтарын сынайды. Сондықтан әлсіз қарсыластар болмайды. Әр жекпе жектің өзінің қиыншылығы бар. Мықтылардың арасынан топ жарып, жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Алайда, жарыс барысында көрсеткен өнерім толық көңілімнен шықпады. Себебі тек 60,70 % ғана өзімнің бабымда болдым. Жөндейтін қателіктерім де бар. Бұйырса алдағы уақытта қателерімді түзеп дүбірлі ірі додаларда 100% бабымда болып, бұдан да жақсы өнер көрсетіп, бапкерлеріміздің сенімін ақтап, Елімізді алтынмен қуантуға барымды саламын.

-  - Биылғы жоспар, әрине, алдағы Әлем чемпионаты. Лицензиялық болмаса да,  бұл Әлем чемпионаты, сондықтан, барымды салып, қазақ тарихында болмаған +91 келі салмақта Еліме тұңғыш алтын сыйлағым келеді.

-   -Алдағы басты мақсат - ол Токио 2020. Бұйырса қаңтар айында болатын лицензиялық турнирден лицензия алып, Олимпиада ойындарында жақсы натиже көрсету керекпін.

-    

Наверх