Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Нұрбек Оралбай: "Маған артылған сенімді ақтап, өзімнің мықты екенімді дәлелдеуге тырысамын"

12 Шілде, 2019

"ҚР Президентінің Кубогы" халықаралық турниріне дайындығы туралы жастар арасындағы әлем чемпионы Нұрбек Оралбай айтып берді.

«Қазақстан Республикасының Президентінің Кубогы» 16 шілде басталады – аз ғана уақыт қалып отыр, сол себепті қазір дайындықтар өте қарқынды түрде жүріп жатыр. Кубокта жеңімпаз болып, Әлем чемпионатына бара аламын деген үміттемін. Ол үшін қазір көп еңбек ету керек. Менің салмағымда біздің мықты боксшыларымыздың бірі – Бек Нұрмағамбет ағам жарақат алып, биылғы Кубокқа қатыса алмайтын болды. Енді, осы салмақ дәрежеде мен бірінші нөмерлі болып отырмын. Маған артылған сенімді ақтап, өзімнің мықты екенімді дәлелдеу керекпін. Менің салмағымда бірқатар белді боксшылар бар: Ерік Әлжанов, Бекзат Нұрдаулетов сынды командаластарымыз.

Турнир халықаралық дәрежеде өтетіндіктен, көптеген боксшылар шет елден келгелі отыр. Бүгінгі күні Алжир мен Филиппин құрама командалары Нұр-Сұлтан қаласына келіп, бізбен бірге оқу-жаттығуларын өткізіп жүр. Менің ойымша, барлық шетелдік қарсыластарымыз ең мықты боксшыларын қатыстырады. Бәрі мен үшін қарсылас болғандықтан, осал қарамай, әр жекпе-жекке дайындықпен шығуға тырысамын. Турнир алдында дайындықтарымыз ойдағыдай жүріп жатыр. Енді жарыс барысында барымызды салып, жақсы өнер көрсете аламыз деген ойдамын.

Біздің құрама команданың жігіттеріне сәттілік тілеймін. Турнирде ең мықтысы жеңімпаз болар.

Наверх