Германияда жастар арасында бокстан Brundenburg-Cup 2019 халықаралық турнирі аяқталды.
Қазақстандық боксшылар Отанына үш алтын, бір күміс және төрт қола медаль әкелді. Чемпион атанғандар: Жексен Бейбарыс (56 келі), Аширхан Айтжан (60 келі) және Тоғамбай Сағындық (91 келі). Екінші орын 52 келі салмақ дәрежесінде Талғат Сырымбетовке бұйырды. Турнирдің қола жүлдегерлері: Базарбайұлы М. (49 кг), Дүйсебай Д. (64 кг), Мақсұт Қ. (81 кг) және Сабырғали А. (+91 кг).
60 келі салмақ дәрежесінде "Турнирдің үздік боксшысы" болып Аширхан Айтжан атанды.
Біріншілік үшін 21 елдің өкілдері күш сынасты.Олардың арасында Ресей, Украина, Франция, Германия, Дания, Румыния, Польша, Уэльс, Аргентина және басқа да Еуропа елдерінің боксшылары болды.
Бірінші жалпыкомандалық орынды Ресей құрамасы иеленді. Турнир ағымдағы жылдың қыркүйек айында Болгарияда өтетін жасөспірімдер арасындағы бокстан Еуропа чемпионатына дайындық аясында өткізілді.