15 шілдеде Қазақстанның бокс федерациясы облыстық бокс федерацияларының төрешілері мен жаттықтырушыларын аттестаттаудан өткізеді.
Аттестаттау "Жаттықтырушылар мен төрешілерді аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Іс-шара Нұр-сұлтан қаласы, сағат 10:00-де, "Тұран 18" бизнес-орталығының конференц-залында өтетін болады.