Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ҰОК ПРЕЗИДЕНТІ ХОК-ТЫҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ

24 Маусым, 2019

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Лозаннада Халықаралық Олимпиада комитетінің 125 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараға қатысты. Қазақстан ҰОК басшысы The Golden Rings Awards жүлдесін салтанатты түрде табыстау рәсімінің құрметті қонағы атанды. Бұл ХОК-тың Олимпиаданың ойындарының көрсетілімі үшін табыстайтын ірі халықаралық жүлдесі. ХОК-тың 125 жылдығын тойлау барысында Халықаралық Олимпиадалық комитетінің жаңа штаб-пәтері – Олимпиада үйінің ресми түрде ашылу салтанаты өтті.

«Халықаралық Олимпиада комитеті олимпиадалық отбасының әрбір тарапымен әріптестік орнатуға үлкен күш салып отыр. ХОК 125 жыл бойы әлемнің әр түкпіріндегі спортшылардың, оның ішінде, болашағынан үміт күттіретін жас атлеттердің қарқын алуына бар жағдайды жасап келеді. Бізге ХОК-тың жаңа штаб-пәтерінің ашылу салтанатына қатысып, тарихи сәттің куәгері әрі қатысушысы болу бақыты бұйырды. Жаңа Олимпиада үйі біздің жаңа әлемді қалыптастырудағы талпынысымыздың бейнесі әрі ХОК-тың достық, ынтымақтастық және әділ ойын сынды негізгі қағидаларын сақтаудың үлгісі», - деді Қазақстан ҰОК президенті Тимур Құлыбаев.
 

Ашылу салтанатына Швейцария Конфедерациясының президенті Ули Маурер қатысты. Іс-шараға жалпы есебі 700-ден аса қонақ шақырылған. Олардың қатарында ХОК мүшелері, 206 ұлттық олимпиадалық комитет пен халықаралық спорттық федерациялардың президенті, сондай-ақ, атлеттер бар.
 

Olympic.kz

Наверх