Өткен жылғы Әлем біріншілігінің жүлдегерлері Жайна Шекербекова мен Карина Ибрагимова жарысқа бармайды
Сербияның Самбор қаласында жыл сайын боксшы арулар арасында «Ұлттар Кубогы» халықаралық турнирі өтіп тұрады. Былтыр 7 мәрте жалауын желбіреткен жарыста біздің қыздарымыз командалық есепте бірінші орын алған болатын. Биылғы турнир 14 – 21 қаңтар аралығында өтеді.
Әйелдер құрамасының бас бапкер Вадим Присяжнюк: - "Бұл турнирге еуропа құрамалары, Канада мен Қытайдан спортшылар келеді. Барлық салмақта бірінші нөмірлі қыздарымыз бара жатыр. Тек Жайна мен Каринаға демалыс бердік».
Самборда өнер көрсететін спортшылармен таныс болыңыздар.
Әйгерім Қасенаева (48 кг),
Назым Қызайбай (51 кг),
Ангелина Лукас (51 кг),
Дина Жоламан (54 кг),
Сәния Сұлтанқызы (57 кг),
Римма Волосенко (60 кг),
Милана Сафронова (64 кг),
Әлия Әбдірайымова (64 кг),
Ақерке Бақытжан (69 кг),
Аида Оңдаш (75 кг),
Ләззат Күнгейбаева (+81 кг).
Бас бапкердің айтуынша, бұл жарыс Азия чемпионаты алдында қыздарымызға өзін-өзі сынап көру үшін керемет мүмкіндік. Себебі, 1 ақпаннан бастап боксшы аруларымыз осы байрақты додаға дайындықтарын бастамақ.
Bnews.kz