Қазақстан Республикасы чемпионатын 5 рет қатарынан жеңіп алған тұңғыш боксшы ҚБФ сайтына сұқбат берді
- "Жылдың үздік боксшысы" деген атағыңыз құтты болсын.
- Рақмет. Күтпеген жаңалық болды. Бапкерлеріме, федерация өкілдеріне алғыс айтамын.
- 5 мәрте жеңіс тұғырына көтерілгенде қандай ойда болдыңыз?
- Шындығында, ел біріншілігін 5 рет қатарынан жеңген тұңғыш боксшы екенімді білген жоқпын. Бұл жаңалық кейін үйге оралғанда бірақ жетті маған. Әрине, бойымды қуаныш сезімі биледі.
- Жеңіс формуласымен бөліссеңіз?
- Жеңісімнің сыры - тек қана еңбекте. Аянбай тер төгіп, жалықпай жаттығу керек. Ол үшін мықты тәртіп болуы тиіс.
- Олимпиада ойындарында өнер көрсету ойыңызда бар болар. Бірақ салмақ дәрежелерінде өзгерістер болады дегенді естіген шығарсыз?
- Иә. Естідім. Бірақ бұл әлі қаңқу әңгіме. Нақты шешім шыққан жоқ. Дегенмен, 49 келі салмақ дәрежесі қалуы тиіс деп ойлаймын. Барлық қарсыластарымды жақсы білемін. Ал егер 49 келі Олимпиададан алынып тасталса онда көре жатармыз.
- Алдағы жоспарларыңыз қандай?
- Жаңа жылдан бастап жаңа оқу-жаттығу маусымы басталады. Жоспарым жарыстарға тыңғылықты дайындалу және жеңіс тұғырына көтерілу.
Фото: Данияр Майлыбаев