Финал керемет тартысты өтті
Түркістан облысының боксшылары 3:1 есебімен алға шыққан болатын. Алайда, Санатәлі Төлтаев, Айболды Дәуренұлы мен Бекзат Нұрдәулетовтер намысқа тырысып жүріп жеңісті қолдан берген жоқ.
Есеп 4:4 теңескенде қосымша 5 кездесу 57 келі салмақта болды. Маңғыстаулық Берік Жидебаев пен түркістандық Нұрғиса Тәжіхан арасындағы кездесу, соңғысының жарақат алуына байланысты 2 раундта тоқтатылып, жеңіс түбек спортшыларына бұйырды.
"Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы" қауымдастығының биылғы додасында боксшыларымыз 8 салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Олар: 52, 57, 63, 69, 75, 81, 91 және 91 жоғары.
Осылайша, Марат Жәкиев бастаған Маңғыстау облысының командасы "Конфедерация Кубогы" турнирінің бас жүлдесі 25 000 000 теңгені қанжығасына байлады.