Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Алматы қаласында Конфедерация кубогының финалдық кезеңдері өтеді

05 Желтоксан, 2018

 Алматы қаласында 8 мен 9 желтоқсан күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы кубогының финалдық кезеңі өтеді. Қазақстанда үшінші рет ұйымдастырылып отырған бокс, күрес, дзюдо, таеквондо және қазақ күресі спортынан бірлескен командалық жарыс ретінде өтетін шараның жалпы жүлде қоры – 145 000 000 теңге.

Конфедерация кубогы үшін қатысушы командалар жеребе бойынша төрт топқа бөлінген еді:

«А» тобы: ШҚО., Қостанай обл., БҚО, Павлодар обл.;

«В» тобы: Алматы обл., Ақтөбе обл., Қарағанды обл., Астана қ., Шымкент қ;

«С» тобы: Атырау обл., Алматы қ, Жамбыл обл., Маңғыстау обл.;

«D» тобы: СҚО, Ақмола обл., Қызылорда обл.,Түркістан облысы.

Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша жарыстың жартылай финалында келесі спортшылар бақтарын сынайды:

Бокс: Қарағанды обл., Астана қ., Түркістан обл., Маңғыстау обл.;

Таеквондо: Павлодар обл., Алматы қ., Түркістан обл.;

Дзюдо: ШҚО., Қарағанды обл., Атырау обл., Қызылорда обл.;

Грек-рим күресі: Қостанай обл., Алматы обл., Алматы қ,  СҚО;

Еркін күрес: ШҚО, Астана қ.,  Алматы қ., Түркістан обл.;

Қазақ күрес: «Елорда батыры» спорт клубы (Астана қ.), «Qazaq kuresi» спорт клубы (Алматы қ.), «Қарағанды облысы қазақ күресі» спорт клубы (Қарағанды обл.), «ЗАК КАР» спорт клубы (Қарағанды обл.).

Наверх