Нью-Делиде өтіп жатқан әйелдердің әлем чемпионатында спортшылары ең сәтті өнер көрсеткен мемлекеттер тізімінде алғашқы үштікке еніп отырмыз
62 мемлекеттің ішінде әзірге бірінші орында - Қытай Халық Республикасы, екінші орында - Үндістан Республикасы, үшінші орында – Қазақстан Республикасы.
Қытайдың 9, Үндістанның 8, ал Қазақ Елінің 5 спортшысы ширек финалға шықты.
19 қараша күні Жайна Шекербекова (51 кг) мен Милана Сафронова (64 кг) рингке көтерілді.
Жайна Шекербекова колумбиялық Валенсия Викториядан басым түсті.
Милана Сафронова Майя Кляйнхансты (Германия) 3:2 есебімен ұтты.
Күндізгі сессияның басталуы Астана уақытымен 13:30
Карина Ибрагимова – Венлю Янг (Қытай Халық Республикасы), алтыншы жұп, Б рингі
Фариза Шолтай – Виктория Кебикава (Беларусь Республикасы), тоғызыншы жұп, А рингі
Кешкі сессияның басталуы 17:30
Жайна Шекербекова – Сандра Драбик (Польша), екінші жұп, А рингі
Милана Сафронова – Мария Бова (Украина Республикасы), бесінші жұп, А рингіЛәззат Күнгейбаева – Даниелла Перкинс (АҚШ), тоғызыншы жұп, А рингі
Жекпе-жектерді «BFI Official» ютүб арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.
Фото: Сергей ШТРАК